pride [praɪd] A.n 1.мақтаныш, абырой, намыс, мерей; мақтану(шылық), масаттану, мерейлену, марқаю ♦The sight of her son graduating filled her with pride. – Ұлының оқу орнын бітіріп жатқаны кеудесіне мақтаныш толтырды. ♦He felt a glow of pride as people stopped to admire his garden. – Жұрт тоқтап бақшасына қызыға қарап өткенде ол бір марқайып қалды. ♦Success in sport is a source of national pride. – Спорттағы табыс – ұлттық мақтаныш/ абырой. ♦in ∼ smth I take (a) pride in my work. – Жұмысым мерейлендіреді. ♦They have a strong sense of pride in their work. – Олар жұмысын намыс сезімімен істейді. ♦Their reputation for fairness is a matter of pride. – Олардың әділ деген атағы – абырой/ ар-намыс мәселесі./ Олар өздерінің әділ деген атына шаң жуытпауға тырысады. ♦∼ in doing smth We take great pride in offering the best service in town. – Кенттегі ең үздік қызметі ұсыну - біз үшін абырой/ мақтаныш. ♦with ∼ I looked with pride at what I had achieved. – Өткен жетістіктеріме масаттана қарадым. 2. the ∼ of smth мақтаныш ♦The new sports stadium is the pride of the town. – Жаңа стадион – кент мақтанышы. 3.намыс, абырой, ар-намыс, (ар-)ождан ♦Pride would not allow him to accept the money. – Ақшаны алуға оның намысы жібермейді. ♦Her pride was hurt. – Ол намыстанып қалды. ♦Losing his job was a real blow to his pride. – Жұмысынан айырылу оның намысына ауыр соққы болып тиді. ♦It's time to swallow your pride and ask for your job back. – Енді жалған намысты қойып, жұмысыңды қайта сұра. 4. (disapproving) мақтаншақтық, өркөкіректік, тәкаппарлық, паңдық ♦She was full of pride and arrogance and despised ordinary people. – Ол паң әрі тәкаппар еді, жай елдерді/ жұртты жеккөретін. ♦His masculine pride would not let him admit that a girl had defeated him. – Қыздан жеңілгенін мойындауға оның намысы жібермейді. 5.арыстан(дар) үйірі, прайд 6. (idm) *smb’s pride and joy есіл-дерті, біреудің қызығы ♦The car is her pride and joy. – Айналдырғаны – (өз) машинасы. ♦He loves that boat, it's his pride and joy. – Еслі-дерті – сол қайық. *pride comes/goes before a fall (saying) «құлардан бұрын адам құтырып кетеді», кегжиемін деп омақасады *pride of place [қ-з: place (А14)] B.v (phr v) *pride yourself on (doing) smth мақтану, мерейлену ♦She had always prided herself on her appearance. – Ол өз түріне өзі мақтанатын.