principle [ˈprɪnsəpl] n 1.принцип, қағида, (ұстанған) ұғым, түсінік ♦He has high moral principles. – Ол жоғары моральдық принциптерді/ қағидаларды ұстанады. ♦Stick to your principles and tell him you won't do it. – Өз принциптеріңнен таймай, оған олай істемейтініңді айт. ♦against your ∼s I refuse to lie about it; it's against my principles. – Бұл жөнінде өтірік айтпақ емеспін; бұл менің ұғымыма қайшы. ♦on ∼ He doesn't invest in the arms industry on principle. – Ол өз принципіне/ түсінігіне сай, қару-жарақ индустриясына ақша құймайды. ♦She refuses to allow her family to help her as a matter of principle. – Ол өз семьясынан көмек алудан принципті түрде бас тартады. 2.ереже, теория, заң, ілім, принцип, ұғым ♦The same principles apply to both humans and animals. – Бұл ережелер адамдарға да, жануарларға да бірдей (қатысты). ♦an important legal principle – маңызды заң/ заңдық принцип ♦‘You learn general principles from studying particular things,’ he asserts. – «Жалпы ережелерді жеке тақырыптарды оқи үйренесің», деп ол тұжырады. ♦∼ of smth the basic principles of car maintenance – машина жөндеудің негізгі ережелері ♦There are three fundamental principles of teamwork. – Командалық/ топтық жұмыстың/ әрекеттестіктің үш негізгі принципі бар. ♦to learn the basic/general principles of something – бірнәрсенің негізгі/ басты ережелерін оқу ♦the principles of justice/law – әділет/ заң принциптері/ ережелері ♦∼ of doing smth the principles and practice of writing reports – есеп/ баяндама жазудың ережелері мен практикасы ♦∼ for smth draft principles for the management of shared natural resources – ортақ табиғи ресурстарды игеру принциптерінің/ ережелерінің жобасы ♦∼ for doing smth a document setting out principles for resolving the dispute – дауды шешу ережелерін айқындайтын документ ♦∼ behind smth The principle behind it is very simple. – Бұның артында өте қарапайым ұғым бар. ♦Discussing all these details will get us nowhere; we must get back to first principles. – Бұл ұсақ-түйекті талқылаған тығырыққа тірейді; біз бастапқы ережелерге оралуымыз керек. ♦The court derived a set of principles from this general rule. – Сот негізгі ережеден біршама ұғым түзді. 3.принцип, қағида, ұғым, ереже ♦The welfare of the child is the guiding principle of the family courts. – Баланың әл-ауқаты – отбасы/ семья соттарындағы негізгі принцип/ ереже. ♦They were accused of violating the principles of democracy. – Оларды демократия принциптерін бұзды деп айыптады. ♦The principle of equality is enshrined in the Constitution. – Теңдік принципі конституцияда көрініс тапқан. ♦∼ that… the application of the principle that men and women should receive equal pay for equal work – бірдей жұмыс үшін ерлер мен әйелдер бірдей жалақы алу керек деген қағиданы қолдану/ қағиданың іске асуы ♦The UN declaration sought to establish the principle that everyone is entitled to the same basic rights. – БҰҰ декларациясы негізгі хақтар әрбір адамға бірдей/ теңдей тиесілі деген қағиданы орнықтыруды көздеді. ♦the principle that free education should be available for all children – балалардың барлығы тегін білім алуы керек деген қағида ♦in accordance with a ∼ Ethical behaviour entails acting in accordance with established principles of right and wrong. – Этика ненің оң-сол екені туралы орныққан ұғымға сай жүріп-тұруды білдіреді. 4.принцип, ереже, (ғылыми) заң ♦O'Sullivan was among the first chemists to apply scientific principles to brewing beer. – О’Салливан сыра ашытқанда ғылыми заңдарды қолданған алғашқы химиктердің бірі болды. ♦∼ that… the principle that heat rises – ыстықтың көтерілетіні туралы заң ♦in ∼ A tidal current turbine is similar in principle to a windmill. – Тасыған теңіз суы трубинасы жел тиірмені сияқты жұмыс істейді. 5. (idm) *in principle a) жалпы (syn: theoretically) ♦In principle, the new software should make the accounting system a lot simpler. – Жалпы, жаңа (комп-к) программа есептеу жүйесін көп/ едәуір жеңілдетуі тиіс. b) жалпы, негізі ♦They have accepted the idea in principle. – Олар идеяны жалпы қабылдады. ♦The government has agreed in principle to a referendum. – Үкімет референдумға жалпы келісті.