print [prɪnt] A.v 1. (принтерден, тб) басып шығару, басу ♦∼ (smth) I'm printing a copy of the document for you. – Документтің бір копиясын саған/ сізге басып жатырмын. ♦Do you want your address printed at the top of the letter? – Хаттың үстіне/ үстіңгі жағына адресің(із) басылсын ба? ♦(computing) Click on the icon when you want to print. – Басып шығарғың(ыз) келгенде (ана) белгіге бас(ыңыз). ♦be ∼ed with smth Each card is printed with a different message. – Әр(бір) открытка бөлек жазумен басылады. 2. ∼ smth (баспадан, тб) басып шығару, басу ♦They printed 30 000 copies of the book. – Олар кітапті отыз мың дана етіп шығарды. ♦The firm specializes in printing calendars. – Фирма календарь шығаруда(н) маманданған. 3. ∼ smth жариялау, жарық көру, басу ♦The photo was printed in all the national newspapers. – Фото(графия) барлық ұлттық газетте басылды. ♦The magazine was sued for printing a libellous article about her family. – Журналды оның семьясы жайлы жаман мақала басқаны үшін сотқа берді. 4. ∼ smth (from smth) фотосурет басып шығару ♦Photographs can be printed from a digital file or from a negative. – Фотографияларды цифрлы файлдерден не негативтен басып шығаруға болады. 5. ∼ (smth) баспа әріппен жазу ♦Print your name and address clearly in the space provided. – Көрсетілген орынға аты-жөніңіз бен адресіңізді баспа әріппен жазыңыз. ♦He had printed his name in capitals at the bottom of the picture. – Суреттің астына ол (өз) аты-жөнін бас әріптермен жазды. ♦In some countries children learn to print when they first go to school. – Кейбір елдерде балалар алғаш мектепке барғанда баспа әріппен жазып үйренеді. 6. ∼ smth (in/on smth) ізі/ таңбасы/ табы түсу/ қалу ♦The tracks of the large animal were clearly printed in the sand. – Құмға ірі жануардың іздері анық түсіпті. ♦(figurative) The memory of that day was indelibly printed on his brain. – Сол күн санасына өшпестей болып басылып қалыпты. 7.таңба/ белгі, тб басу ♦∼ A on B They had printed their own design on the T-shirt. – Олар футболкаларына өз таңбаларын басты. ♦∼ B with A a T-shirt printed with their own design – өздерінің таңбасы басылған футболка 8. (idm) *a licence to print money [қ-з: licence (3)] *not worth the paper it’s written/printed on [қ-з: paper (А9)] *the printed word/page [қ-з: page (А8)] 9. (phr v) *print smth off/out (принтерден) басып шығару, басу ♦How many copies shall I print out? – Қанша копия(сын) басайын? B.n 1.басылған жазу, тб ♦The tiny print was hard to read without my glasses. – Титтей етіп басқан екен, көзәйнегімсіз оқи алмадым. ♦in… ∼ in large/bold print – ірі/ семіз етіп басу ♦The terms of delivery appear at the bottom of the invoice in small print. – Жеткізу шарттары инвойстің астында кішкентай етіп жазылған. ♦The print quality of the new laser printer is superb. – Жаңа лазерь принтердің басу сапасы - керемет. ♦the print edition/version of the dictionary – сөздіктің баспа нұсқасы/ түрі ♦television and print ads – теле- және баспа жарнамалар 2.баспахана, баспа ♦the print media – баспа медиа/ (басылған) газет-журналдар ♦print unions – баспалар кәсіподақтары 3.із, таңба ♦His prints were found on the gun. – Қарудан оның қолының таптары/ іздері табылды. ♦There were paw prints everywhere. – Жануар табанының ізі барлық жерде болды. 4. (ағашқа не темірге ойып, сосын оған сия жағып қағазға, тб басатын) клише, шаблон ♦a framed set of prints – қалыпқа салынған шаблондар 5.фотография, фотосурет ♦How many sets of prints would you like? – Сізге қанша фото қажет? ♦a colour print – түрлі-түсті фото(сурет) 6.үстіне өрнек, тб салынған мата ♦a cotton print dress – (үстіне) өрнек басылған мата ♦a floral print – басылған гүлді өрнек 7. (idm) *get into print жариялану, жарық көру, басылу ♦By the time this gets into print, they'll already have left the country. – Бұл басылып шыққанша, олар елден кетіп қалады. *in print a) (кітап ж) әлі бар ♦Is this edition still in print? – Мына басылым әлі бар ма? b) (кісінің жазған еңбегі ж) басылған, жарық көрген ♦It was the first time he had seen his name in print. – Бұл оның еңбегінің алғашқы басылымы еді. *out of print (кітап ж) бітіп кеткен, сатылып/ тарап кеткен ♦Her first novel is now out of print. – Оның алғашқы романы енді бітіп кетті. ♦The shop specializes in out-of-print books. – Дүкенде сатылымда жоқ кітаптар сатылады.