prisoner [ˈprɪznə(r)] n 1.сотталушы, (түрмеде) жазасын өтеуші, (түрмеге) қамалушы, қамаудағы, (саяси) тұтқын ♦The number of prisoners serving life sentences has fallen. – Өмір бойы сотталғандардың саны азайды. ♦They called for the prisoners to be released. – Олар қамаудағыларды/ сотталғандарды босатуға шақырды. ♦They are demanding the release of all political prisoners. – Олар саяси тұтқындардың барлығын босатуды талап етуде. ♦international minimum standards for the treatment of prisoners – сотталғандарға көңіл бөлудің халықаралық минимум стандарттары 2. (жау қолынан түскен) тұтқын ♦He was taken prisoner by rebel soldiers. – Оны көтерілісшілер тұтқындады. ♦They are holding her prisoner and demanding a large ransom. – Олар оны қамауда ұстауда және оны босату үшін үлкен ақша талап етуде. ♦For three days they kept him a prisoner. – Олар оны үш күн бойы (қамауда) ұстады. ♦(figurative) She is afraid to go out and has become a virtual prisoner in her own home. – Ол тысқа шығуға қорыққандықтан, өз үйінде қамалып отыр. ♦(figurative) He was a prisoner of his own ignorance. – Ол өз білместігінен опық жеді.