private [ˈpraɪvət] A.adj 1.жеке, жекеменшік, дербес (opp: public) ♦The sign said, ‘Private property. Keep out.’ – Белгіде «Жеке үй-жай. Жолама», деп жазылыпты. ♦You're trespassing on private land. – Біреудің жеріне кіріп кеттің. ♦a private jet – жеке(меншік) ұшақ ♦Those are my father's private papers. – Олар әкемнің жеке қағаздары. ♦The hotel has 110 bedrooms, all with private bathrooms. – Қонақ үйде 110 ұйқы бөлмесі бар, бәрінің жеке жуынатын орны бар. ♦The villa has its own private beach. – Вилланың өзінің жеке бассейіні бар. ♦a private firm/business/hospital – жеке(меншік)/ дербес фирма/ бизнес/ емхана ♦The painting is now in a private collection. – Картина қазір жеке коллекцияда. ♦a former soldier working in private security – жеке(меншік) қауіпсіздік қызметінде істейтін бұрынғы солдат ♦The area has attracted substantial private investment. – Бұл аймақ қомақты жеке инвестиция тартты. ♦a programme to return many of the state companies to private ownership – мемлекеттік компаниялардың көбін қайта жекешелендіретін программа 2.жеке, біреудікі, оңаша, өзара ♦You shouldn't listen to other people's private conversations. – Басқа кісілердің (өзара) әңгімесін тыңдамауың керек. ♦We agreed to keep our arrangement private. – Ісімізді ешкімге білдірмеуге келістік. ♦They were sharing a private joke. – Олар өзара қалжыңдасып тұрды. ♦private talks – оңаша келіссөздер ♦a private contractor/investigator – жеке(меншік) мердігер/ детектив (із кесуші) ♦a private citizen/individual – жеке азамат/ адам ♦We got the money from a private investor. – Ақшаны жеке инвестордан алдық. 3.ішкі (ой, сыр), құпия (syn: secret) ♦She was scared of revealing her private thoughts and feelings. – Ол өзінің ішкі ойы мен сезімін білдіріп алудан қорықты. 4. (білім беру не емдеу ж) жеке (яғни, мемлекет емес) ♦She gives private English lessons at weekends. – Ол апта соңында ағылшын тілінен жеке сабақтар береді. ♦(BrE) If I can afford it, I think I'll go private. – Шамам келсе, ақылы ем аламын. 5.жеке, оңаша ♦a politician’s private life – саясаткердің жеке өмірі ♦She claimed she was acting in a private capacity. – Ол жеке адам ретінде әрекет еттім деді. ♦He was on a private trip to Japan. – Ол Жапонияға жеке адам ретінде барды. 6.оңаша, өзінше, бөлек ♦Let's go somewhere a bit more private. – Оңаша бір жерге барайықшы. ♦They found a private corner where they could talk. – Олар оңаша бұрыш тауып, сөйлесті. 7.тұйық, көпшіл емес ♦He's a very private person. – Ол өте тұйық адам. 8.оңаша, жеке (үй-жайды жалға бергеннен, акциялардан түсетін табыс ж) ♦He has a private income. – Оның оңаша табысы бар. B.n 1. (abbr Pte) қатардағы жауынгер/ солдат (рядовой) ♦Private (John) Smith – қатардағы (Джон) Смит 2. ∼s (informal) private parts «жеке мүшелер» (кісінің жыныс мүшелері) 3. (idm) *in private оңаша, жеке ♦Is there somewhere we can discuss this in private? – Бұны оңаша талқылайтын жер бар ма екен?