privately [ˈpraɪvətli] adv 1.жеке, жекеменшік; оңаша, тәуелсіз, дербес (opp: publicly) ♦a privately owned company – жекеменшік компания ♦In public he supported the official policy, but privately he was sure it would fail. – Жұрт көзінше ол ресми саясатты қолдады, ал жеке өзі оны сәтсіздікке ұшырайды деп білді. ♦Their children were educated privately. – Балалар жекеменшік мектепте оқыды. 2.оңаша, жеке, өзара ♦Can we speak privately? – Оңаша сөйлессек бола ма? 3.іштей ♦She smiled, but privately she was furious. – Күлгенімен, іштей ызалы еді. 4.жеке, ақылы ♦She gave piano lessons privately. – Ол пианинодан жеке сабақтар берді. 5.тікелей, жеке, екеуара, өзара ♦The painting was sold privately for £4m. – Картина біреуге £4 млн-ға тікелей сатылды.