prize [uncountable] A.n 1.сыйлық, премия, приз, жүлде ♦She was awarded the Nobel Peace Prize. – Оған Нобель бейбітшілік сыйлығы/ премиясы берілді. ♦He won first prize in the woodwind section. – Ол үрмелі аспаптар бөлімінде бірінші орын ұтып алды. ♦The prize went to the grey long-haired cat. – Жүлде ұзын жүнді сұр мысыққа берілді. ♦∼ for smth She has received numerous prizes for her work. – Ол еңбегі үшін талай жүлде алды. ♦∼ for doing smth There are no prizes for guessing who she was with. – Оның кіммен болғаны өзінен-өзі түсінікті. ♦a cash prize of $5 000 - $5 000 болатын жүлде ♦The grand prize is a family trip to Hawaii. – Бас жүлде – Гаваиге үй-ішімен қыдырып бару. ♦His film took the top prize at Cannes last year. – Оның фильмі былтыр Канныда бас жүлдені алды. ♦I won £500 in prize money. - £500 болатын жүлде ұтып алдым. ♦a prize fund of £20 000 - £20 000 болатын жүлде қоры ♦Win a car in our prize draw! – Жүлде лотереямызда машина ұтып ал! 2.өте бағалы/ құнды нәрсе ♦World peace is the greatest prize of all. – Ең құнды дүние – әлемдегі бейбітшілік. ♦The presidency is the ultimate prize. – Түпкі нысана – президенттік. B.adj 1.жүлделі орын алатын (аң, гүл, жеміс, тб) ♦prize cattle – жүлде алатын ірі-қара 2.үлгілі ♦a prize student – үлгілі студент/ оқушы ♦He's a prize specimen of the human race! – Ол адамзаттағы үлгілі жан! ♦(informal) She's a prize idiot. – Ол барып тұрған жарымес. C.v 1. жоғары бағалау (syn: treasure) ♦∼ smth an era when honesty was prized above all other virtues – адалдық басқа қасиеттерден жоғары тұрған заман ♦∼ smth for smth Oil of cedarwood is highly prized for its use in perfumery. – Балқарағайдың майы парфюмерия үшін өте бағалы. 2. = prise