proceed [prəˈsiːd] v 1. ∼ (with smth) (істі) жалғастыру, істей, тб беру ♦We're not sure whether we still want to proceed with the sale. – Сата берсек пе екен, білмей тұрмыз. ♦Work is proceeding slowly. – Жұмыс баяу жалғасуда. ♦He left detailed instructions about the best way to proceed. – Ол қалай жалғастыра беру керектігі жөнінде жан-жақты нұсқаулар қалдырып кетті. 2. ∼ to do smth (іске) кірісу, бастау (syn: go on) ♦He outlined his plans and then proceeded to explain them in more detail. – Ол жоспарларымен жалпы таныстырды да оларды жан-жақты түсіндіруге кірісті. ♦(humorous) Having said she wasn't hungry, she then proceeded to order a three-course meal. – Аш емеспін деп алды да ол үш тағамнан тұратын ас заказ берді. 3. (formal) бет алу, қозғалу, жылжу ♦The marchers proceeded slowly along the street. – Шерушілер көшемен баяу жылжыды. ♦Passengers for Rome should proceed to Gate 32 for boarding. – Римге ұшатын жолаушылар 32-інші қақпаға барсын. 4. (phr v) *proceed against smb (law) біреуге қарсы сот ісін бастау ♦There was not enough evidence to proceed against him. – Оны сотқа тартуға жетер(лік) айғақтар болмады. *proceed from smth (formal) себеп болу; нәтижесі болу ♦ideas that proceed from a disturbed state of mind – қозған естен туған ойлар