process 1 [ˈprəʊses] A.n 1.процесс, барыс, тізбек, әрекет, іс ♦the consultation/planning process – кеңесу/ жоспарлау барысы/ процесі ♦Each time we have to go through the whole decision-making process again. – Әр уақыт шешім шығару тізбегін/ процесін бастан аяқ/ басынан аяғына дейін қайта өтуімізге тура келеді. ♦Repeat this process until the entire area is tiled. – Тұс толығымен кафельденгенше осылай қайталай бер. ♦I'm afraid getting things changed will be a slow process. – Өзгертуге ұзақ уақыт кете(ді) ме деп қорқамын. ♦Coming off the drug was a long and painful process for him. – Есірткіні/ Наркотикті тастау ол үшін бір ұзақ әрі қиын іс болды. ♦mental/cognitive/thought processes – түйсік/ таным/ ойлау процесі/ барысы ♦∼ of doing smth They began the difficult process of reforming the education system. – Олар білім жүйесін реформалауды көздеген қиын іс бастады. ♦∼ for doing smth The company has introduced a new process for handling complaints. – Компания шағымдармен айналысудың жаңа процесін енгізді. ♦in the ∼ of doing smth We're in the process of selling our house. – Үйімізді сатудамыз/ сатып жатырмыз. ♦in the ∼ I was moving some furniture and I twisted my ankle in the process. – Мебельді жылжытып жатқанда тобығымды қайырып алдым. 2.процесс, ілгерілеу, барыс ♦It's a normal part of the learning process. – Бұл оқу процесінің қалыпты бөлігі. ♦The drug has been found to significantly speed up the healing process. – Дәрінің емдеу уақытын біршама тездететіні байқалды. ♦during a ∼ During the ageing process, the rum acquires a golden colour. – Жетілу барысында ром алтын түске боялады. ♦Everything is in a process of change. – Әр нәрсе өзгеріс үстінде. 3.процесс, әрекет, барыс; өндіру әдісі ♦manufacturing processes – (өнім) өндіру процесі ♦She is involved in the production process from start to finish. – Ол өнім өндіру процесінің басынан аяғына дейін араласады. ♦∼ for doing smth a new process for rustproofing car bodies – тот баспайтын машина кузовтарын жасаудың жаңа әдісі B.v 1.өңдеу (перерабатывать, обрабатывать) ♦(be) ∼ed Most of the food we buy is processed in some way. – Біз сатып алатын тамақтардың көбі әйтеуір бір өңделген. ♦Soy bean oil is found in hundreds of processed foods. – Өңделген жүздеген тағамдарда соя майы табылады. ♦processed cheese/meats – өңделген сыр (ірімшік)/ ет ♦Many of these foods are made from highly processed ingredients. – Осы тағамдардың көбі күрделі өңделген заттардан жасалған. ♦∼ smth into smth The berries are processed into juice or sauce. – Жидектерден шырын я соус жасайды. ♦∼ smth for smth For many years he grew and processed flax for linen. – Талай жыл ол зығыр өсіріп, одан мата тоқыды. 2. ∼ smth қағазбен (документпен, арызбен, тб) айналысу/ шұғылдану, қағазды қарау ♦It will take a week for your application to be processed. – Өтінішің(із)ді қарау үшін бір апта кетеді. 3. ∼ smth (computing) өңдеу ♦The image is processed digitally by computer software. – Суретті/ Бейнені арнайы программа өңдейді. 4.ойша қорыту, ұғу, түсіну ♦∼ smth My brain slowly processed the fact that I was free to leave. – Кете берсем болатынын біраздан кейін барып ұқтым. ♦∼ what, how, etc… It was a second later when I fully processed what he had said. – Сәлден кейін барып оның не айтқанын ұқтым.
process 2 [prəˈses] v (formal) баяу жылжу/ жүру/ қозғалу ♦The bishop, priests and deacons processed slowly through the cathedral. – Епископ, священниктер және диакондар собордың ішімен баяу қозғалды.