produce [prəˈdjuːs] A.v 1. ∼ smth жасау, жасап шығару, өндіру (syn: manufacture) ♦Our company mainly produces goods for export. – Компаниямыз негізі экспортқа товар өндіреді. ♦We pride ourselves on producing high-quality products. – Жоғары сапалы өнім өндіретінімізге мақтанамыз. ♦The local factory produces electronic components. – Жергілікті завод электрон компоненттер/ бөлшектер өндіреді. ♦She produced a TV series about adopted children. – Ол асырап алған балалар жайлы телесериал шығарды. 2. ∼ smth өндіру, өсіру, жасау; туу, төлдеу ♦The region produces over 50 per cent of the country's wheat. – Бұл аймақта ел астығының елу проценттен астамы өседі./ Бұл аймақ ел астығының елу проценттен астамын өндіреді. ♦I would like to find out more about how our food is produced. – Азығымыздың қалай өндірілетіні жайлы көбірек білгім келеді. ♦All our meat is locally produced. – Етіміздің бәрі осында өндіріледі. ♦These shrubs produce bright red berries. – Мына бұталарда ақшыл қызыл жидектер өседі. ♦Under stress, the body produces adrenalin. – Стресс кезінде дене адреналин бөледі. ♦Our cat produced kittens last week. – Мысығымыз өткен аптада төлдеді. ♦Her duty was to produce an heir to the throne. – Оның мақсаты дүниеге таққа мирасқор/ мұрагер болатын бала әкелу еді. ♦∼ smth from smth The wine is produced from Chardonnay grapes. – Шарап Шардоне жүзімінен жасалған. ♦He is the greatest athlete this country has ever produced. – Ол осы елден шыққан ең мықты атлет. 3. ∼ smth жасау, шығару; ойнау, орындау; әзірлеу, дайындау ♦She produced a delicious meal out of a few leftovers. – Қалған-құтқан нәрселерден ол тіл үйірер тамақ жасады. ♦By 1912 he was producing purely abstract works. – 1912 жылға қарай ол тек абстракт туындылар салатын болды. ♦United produced their best performance of the season. – Юнайтед маусымдағы ең үздік ойынын көрсетті. ♦He produces reports on economic and social trends for manufacturers and trade associations. – Ол товар өндірушілер мен сауда ассоциацияларына экономикалық және әлеуметтік тенденциялар жөнінде есептер дайындайды. 4. ∼ smth әсер ету, нәтиже беру (syn: bring about) ♦A phone call to the manager produced the result she wanted. – Ол менеджерге телефон шалып, мәселесін шешті. ♦His words failed to produce the desired effect. – Оның сөзінен пәлендей ештеңе шыға қоймады. ♦These reforms will produce little change. – Бұл реформалардан пәлендей өзгеріс болмайды. ♦The drug produces a feeling of excitement. – Есірткі толқу сезіміне бөлейді. 5.көрсету, шығару, тб ♦∼ smth from/out of smth He produced a letter from his pocket. – Ол қалтасынан хат шығарды. ♦∼ smth She failed to produce any evidence to support these claims. – Ол өз айтқандарын дәлелдейтін айғақ келтіре алмады. ♦At the meeting the finance director produced the figures for the previous year. – Жиналыс кезінде қаржы директоры өткен жылдың нәтижелерімен таныстырды. B.n өнім(дер), товар(лар) ♦The market is full of farm produce. – Базар ауыл шаруашылығы өнімдеріне толы. ♦The shop sells only fresh local produce. – Дүкен осында жаңа өндірілген өнім сатады. ♦It says on the label ‘Produce of France’. – Этикеткада «Франция өнімі» деп жазылған.