product [ˈprɒdʌkt] n 1.өнім, товар ♦food/agricultural/software products – тамақ/ ауыл шаруашылығы өнімдері/ компьютерлік программалар ♦dairy products – сүт өнімдері ♦This product contains nuts. – Мына өнімде бұршақтар бар. ♦consumer products – азық-түлiк, күнделiктi қажет товарлар ♦The company sells its products around the world. – Компания (өз) өнімдерін дүние жүзінде сатады. ♦We are increasingly likely to buy products online. – Біз онлайн товар сатып ала түсетін сияқтымыз. ♦Where did you purchase the product? – Бұл затты қайдан алдың(ыз)? ♦farm products - ауыл шаруашылығы өнімдері ♦safe products – қауіпсіз өнімдер/ товарлар ♦investment in product development – өндірістің дамуына инвестиция ♦We have just launched a new product on to the market. – Біз рынокқа жаңа өнім шығардық. ♦The store offers a wide range of products. – Дүкенде түрлі товарлар бар. ♦She was very happy with the finished product. – Ол өндірілген өнімге өте риза болды. ♦The bank offers a whole range of financial products and services. – Банк қаржы өнімдері мен қызметтерінің көп түрін ұсынады. ♦(business) We need new product to sell. – Бізге сататын жаңа товарлар керек. 2.өнім, нәтиже ♦One product of any combustion reaction is carbon monoxide. – Кез-келген жанудың жалғыз нәтижесі – ыс. ♦Methane is a product of this process. – Метан осы процесте өндіріледі. ♦(ауысп мағ) The child is the product of a broken home. – Бұл бала қиын отбасында өскен. ♦(ауысп мағ) Like many of his generation, he was a product of Japan's obsession with technology. – Өзінің құрдастары секілді, ол Жапонияда технологияға өте қызығатын заманда туып-өскен. 3. (үстіге жағатын) май, сұйықтық ♦This product can be used on wet or dry hair. – Мына майды су не құрғақ шашқа жақса болады. ♦Don’t put too much product on your skin. – Теріңе тым көп май жақпа. 4. (mathematics) көбейтінді ♦The product of 21 and 16 is 336. – 21 мен 16-ның көбейтіндісі 336 (болады).