profess [prəˈfes] v (formal) 1.айту, тұжыру ♦∼ smth She still professes her innocence. – Ол әлі кінәсізбін дейді. ♦∼ to be/have smth I don't profess to be an expert in this subject. – Осы саланың экспертімін/ білгірімін демеймін. 2.білдіру, айту (syn: declare) ♦∼ smth In this scene the couple finally profess their love for each other. – Осы көріністе жұп ақыры бір-біріне деген махаббатын білдіреді. ♦He professed his admiration for their work. – Ол олардың жұмысына тамсанатынын білдірді. ♦∼ yourself She professed herself satisfied with the progress so far. – Істің аяқ алысына риза екенін білдірді. 3. ∼ smth дін ұстану ♦to profess Christianity/Islam/Judaism – христиандықты/ исламды/ иудаизмді ұстану