professional [prəˈfeʃənl] A.adj 1.кәсіби, кәсіпқой, профессионал (opp: amateur) ♦professional athletes/players – кәсіби/ кәсіпқой атлеттер/ ойыншылар ♦a professional golfer – кәсіби гольфші ♦She began her professional career as a dancer 20 years ago. – Ол өзінің биші кәсібін жиырма жыл бұрын бастаған. ♦After he won the amateur championship he turned professional. – Ол әуесқой чемпиондықты ұтқаннан кейін (барып) кәсіпқой болды. ♦In professional sport winning is everything. – Кәсіби спортта ұтыс – үлкен табыс. ♦the world of professional football – кәсіби футбол әлемі 2.мамандық(қа қатысты), кәсіби ♦professional qualifications/skills – кәсіби біліктілік (квалификация)/ шеберлік ♦professional standards/practice – кәсіби стандарттар/ жұмыс ♦a professional organization/association/body – кәсіби ұйым/ ассоциация/ орган ♦an opportunity for professional development – мамандықты шыңдайтын мүмкіндік ♦companies that offer professional services – кәсіби қызмет ұсынатын компаниялар ♦If it's a legal matter, you need to seek professional advice. – Бұл заңға қатысты мәселе, сізге мамандардың кеңесі керек. ♦He may need professional help. – Оған мамандардың кеңесі қажет болуы мүмкін. 3.кәсіби (адамдар), білікті (мамандар), кәсіпқой, профессионал ♦Most of the people on the course were professional women. – Курстағылардың көбі кәсіпқой/ профессионал әйелдер болды. 4.шебер, білікті; кәсіби (syn: competent) (opp: amateur) ♦He dealt with the problem in a highly professional way. – Ол проблемамен асқан шеберлікпен айналысты. ♦Many of the performers were very professional. – Орындаушылардың көбі өте шебер өнер көрсетті. ♦People trust websites that look professional. – Жұрт кәсіби көрінген уэб-сайттарға сенеді. 5.кәсіби (стандарттар) (opp: unprofessional) ♦professional conduct/misconduct – жұмыстағы мінез-құлық/ теріс мінез B.n 1.кәсіби маман, профессионал ♦You need a professional to sort out your finances. – Қаржы мәселелеріңді реттеу үшін саған профессионал керек. ♦Our officers are all highly trained professionals. – Офицерлеріміздің бәрі (де) өте шыңдалған мамандар/ профессионалдар. 2. (also informal pro) кәсіби спортшы, тб, кәсіпқой, профессионал (opp: amateur) ♦a top golf professional – аса үздік кәсіпқой гольфші ♦an actor revered by his fellow professionals – әріптестерінің құрметіне бөленген актер ♦This is her first tournament victory in five years as a professional. – Бұл оның кәсіпқой ретіндегі бес жылдағы алғашқы жеңісі. 3. (also informal pro) (opp: amateur) шебер, тәжірибелі адам ♦This was clearly a job for a real professional. – Бұл нағыз шеберлерге арналған жұмыс еді. ♦She's a consummate professional. – Ол - нағыз шебер.