profile [ˈprəʊfaɪl] A.n 1.дерек, мәлімет, сипаттама, профиль ♦We first build up a detailed profile of our customers and their requirements. – Алдымен клиенттеріміз бен оларға қажет нәрселер жайлы егжей-тегжейлі дерек жиямыз. ♦You can update your Facebook profile. – Фейсбуктегі профиліңді жаңартсаң болады. ♦He fits the profile of the killer. – Ол кісі өлтірушінің сипаттамасына/ профиліне сай келеді. ♦The magazine published a short profile of the new mayor. – Журналда жаңа мэр жайлы қысқаша дерек жарияланған. ♦a job/employee profile – жұмыс/ жұмыскер жайлы мәлімет ♦His psychological profile is revealing. – Оның психологиялық мінездемесінен біраз нәрсе аңғаруға болады. 2.келбет, имидж, бедел, профиль ♦Her popularity has done great things for the profile of the sport. – Оның танымалдығы спорт келбетінің түзелуіне көп ықпал етті. ♦The deal will certainly raise the company's international profile. – Контракт компанияның халықаралық келбетін биіктетеді. ♦We want to improve the profile of women’s health issues. – Әйелдердің денсаулық мәселелеріне жұрт назарын көбірек аударғымыз келеді. ♦a campaign to boost the profile of the city as a cultural leader – қаланың мәдениет үздігі (ретіндегі) келбетін жақсартпақ науқан 3.бүйір сұлба, қыр сұлба, профиль (кісінің бір қырынан қарағандағы оның бет жүзінің кескіні) ♦his strong profile – еңселі қыр сұлбасы ♦She presented her best profile to the camera. – Ол камера алдында бүйірінен әдемілене тұрды. ♦in ∼ a picture of the president in profile – президенттің бір қырынан түскен суреті 4.сұлба, пішін, кескін ♦the profile of the tower against the sky – мұнараның аспан астындағы сұлбасы 5. (idm) *a high/low profile көп/ аз танымал(дық)/ белгілі(лік) ♦This issue has had a high profile in recent months. – Бұл мәселе кейінгі айларда жұртты елеңдетумен болды. ♦I advised her to keep a low profile for the next few days. – Ол оған алдағы бірнеше күн көзге түспеуге кеңес берді. ♦The story was given a low profile in today's papers. – Бұл әңгіме жайлы бүгін газеттер онша жазбады. B.v ∼ smb/smth сипаттау, мінездеме жасау ♦His career is profiled in this month's journal. – Осы айдың журналында оның еңбек жолы жайлы жазылған.