profit [ˈprɒfɪt] A.n табыс, пайда, кіріс, түсім (opp: loss) ♦annual/pre-tax/corporate profits – жылдық/ салықтан бұрынғы/ корпоративті табыс ♦Profits before tax grew from £615m to £1 168m. – Салықалды табыс £615 млн-нан £1 168 млн-ға өсті. ♦a rise/an increase/a jump/a drop/a fall in profits – табыстың өсуі/ ұлғаюы/ шарықтауы/ түсуі/ құлауы (құлдырауы) ♦to maximize/increase profits – табысты арттыру/ өсіру ♦to report/post profits of £50 million – табыстың £50 млн болғанын жариялау ♦The club may turn a profit by the end of the year. – Клуб жыл соңына қарай табыс табуы мүмкін. ♦The sale generated record profits. – Осы сатудан орасан көп пайда түсті. ♦Net profit was up 16.1 per cent. – Таза табыс 16.1 процентке артты. ♦The business recorded a gross profit of £1.45 million last year. – Бизнестің жалпы (брутто) табысы былтыр £1.45 млн болды. ♦The division's profit margins are being squeezed. – Бөлімнің таза табысы азая түсуде. ♦The directors are driven only by the profit motive. – Директорлардың көздегені тек табыс. ♦∼ on smth The company made a healthy profit on the deal. – Компания контрактіден қомақты табыс тапты. ♦∼ from smth Profit from exports rose 7.7 per cent. – Экспорттан табыс 7.7 процентке өсті. ♦The radio station earns a profit from its advertising. – Радиостанция жарнамалаудан пайда түсіреді. ♦∼ in smth There was little or no profit in the products themselves. – Өнімнің өзінен пайда аз не тіпті жоқ болды. ♦∼ in doing smth There isn’t much profit in running a restaurant these days. – Қазіргі күндері ресторан ұстағаннан пайда көп түспейді. ♦at a ∼ We should be able to sell the house at a huge profit. – Үйді сатсақ, көп пайда түсуі керек. ♦for ∼ The agency is voluntary and not run for profit. – Агенттік пайда үшін емес, ерікті (түрде) жұмыс істейді. B.v (formal) пайда көру; пайдалы болу ♦∼ (from smth) Farmers are profiting from the new legislation. – Фермерлер жаңа заңның пайдасын көруде. ♦∼ (by smth) We tried to profit by our mistakes. – Қателерімізден үйренуге тырыстық. ♦∼ smth Many local people believe the development will profit them. – Жергілікті кісілердің көбі өздері үшін жоба пайдалы болады дейді.