program [ˈprəʊɡræm] A.n (BrE 1-түсініктен басқасында programme) 1.программа, бағдарлама (компьютер әрекетін бақылайтын кодталған нұсқаулар жиынтығы) ♦You'll need to download and install the program on your computer. – Программаны жүктеп, компьютеріңе орнатуың қажет. ♦To run the program, simply click the icon. – Программаны істету үшін әшейін белгіге бас(қын). ♦She uses a computer program to produce these maps. – Осындай карталарды шығару үшін ол компьютер программасын пайдаланады. 2. (теле- не радио) хабар, программа, бағдарлама ♦a TV/television/radio program – теле-/ радиохабар ♦a news program – жаңалықтар программасы ♦∼ on smth Did you see that program on India last night? – Кеше кешкісін Индия жайлы хабарды көрдің бе? ♦∼ about smth I watched a program about volcanoes. – Вулкандар жайлы программа көрдім. 3.программа, бағдарлама, жоспар, кесте ♦the country's nuclear weapons/space program – елдің атом/ ғарыш (космос) программасы ♦We have recently launched a research program. – Жақында зерттеу программасын бастадық. ♦Talk with your family doctor about developing a weight-loss program. – Учаскелік дәрігермен салмақты азайту кестесін түзу жайлы сөйлесіңіз. ♦∼ for smb a training program for new staff members – жаңа қызметкерлерге арналған әзірлік программасы ♦The museum runs an art education program for inner-city children. – Музейдің ішкі қала балаларына арналған өнерді таныту программасы бар. ♦∼ of smth The government is implementing a program of reform. – Үкімет реформалар программасын жүзеге асыруда. ♦∼ to do smth The college has initiated a program to improve student retention. – Колледж өзін студенттерге тартымды ету программасын бастады. 4. (especially NAmE) курс, программа ♦a school/an educational program – мектеп/ оқу программасы ♦a teacher education program – мұғалім баулу курсы ♦The college offers a wide variety of programs of study. – Колледжде түрлі пәннен курстар бар. 5. программа, жоспар, тізім, бағдарлама, курс (syn: line-up (2)) ♦The concert is the highlight of the festival's musical program. – Концерт фестивальдің музыкалық программасының ең маңызды бөлігі болды. ♦∼ of smth a week-long program of lectures – бір апталық лекциялар курсы ♦We're planning an exciting program of events. – Қызықты оқиғалар программасын жоспарлаудамыз. ♦What's the program for tomorrow? – Ертеңгі жоспар қандай? 6.программа, бағдарлама (концерттің, пьесаның) ♦a theater program – театр программасы ♦Her name doesn't appear in the concert program. – Оны аты концерт программасында көрінбейді. 7.программа, инструкция, нұсқаулық (жабдықты істететін) ♦Select a cool program for woolen clothes. – Матасы жүн киімдерге салқын программасын таңда. 8. (idm) *get with the program (NAmE) (BrE get with the programme) (informal) «программадан ауытқыма», жоспардан, тб ауытқыма B.v 1.программалау, (компьютерге, тб белгілі бір әрекет істеуге) нұсқау беру ♦In this class, students will learn how to program. – Осы сыныпта оқушылар программалауды үйренеді. ♦∼ smth He taught himself to program a computer. – Ол өзін компьютерді программалауды үйретті. ♦We can program a robot to walk around the room. – Біз роботты бөлме ішінде қозғалуға программалай аламыз. 2.жоспарлау ♦(be) ∼med Several evening events have been programmed. – Бірнеше кешкі шара жоспарланды. ♦The leak was discovered during programmed maintenance work. – Жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде тесік байқалды. ♦be ∼med for smth The final section of road is programmed for completion next month. – Жолдың соңғы бөлігін келесі айда аяқтау жоспарланған. ♦be ∼med to do smth The exhibition was originally programmed to close in August. –Алғашында көрмені тамыз айында жабу жоспарланған болатын. 3.бейім ету, бейімдеу; бейім болу ♦be ∼med to do smth Human beings are genetically programmed to learn certain kinds of language. – Адам баласы кейбір тілдерді үйренуге генетикалық бейім (келеді). 4. ∼ smth to do smth (жабдықты, машинаны) программалау, белгілі бір тапсырма беру ♦She programmed the heat to come on at eight. – Ол ысуды сағат сегізде қосылатындай етті.