progress A.n [ˈprəʊɡres] 1.прогресс, даму, ілгерілеу, алға жылжу, өсу, жақсару, оңалу ♦I think we're making progress. – Жылжып келеміз деп ойлаймын. ♦We will continue to monitor progress over the next few months. – Істің аяқ алысын алдағы бірнеше айда бақылайтын боламыз. ♦economic/scientific/technological progress – экономикалық/ ғылыми/ технологиялық прогресс ♦rapid/good progress – тез/ жақсы ілгерілеу ♦We hope to see some real progress by March. – Наурыз айында біршама нақты ілгерілеу болады деп үміттенеміз. ♦∼ in smth James is making steady progress in his recovery. – Джеймс бірқалыпты сауығып келеді. ♦∼ in doing smth Police are making significant progress in fighting computer crime. – Компьютер қылмысымен күресте полиция біршама оң нәтижеге жетті. ♦The two sides have made very slow progress in resolving the dispute. – Дауды реттеуде екі жақ пәлендей ілгерілей қоймады. ♦∼ on smth There's been no sign of progress on this issue. – Бұл істе бір алға жылжу байқалмады. ♦∼ towards smth The company is making progress towards this target. – Компания мақсатқа жылжып келеді. ♦They asked for a progress report on the building work. – Құрылыстың аяқ алысы жайлы есеп сұратты. 2.алға жылжу/ жылжыс, қозғалыс, ілгерілеу ♦She watched his slow progress down the steep slope. – Ол оның тік беткеймен төмен ілбіп бара жатқанын көріп тұрды. ♦There wasn't much traffic so we made good progress. – Көлік көп болмағандықтан, жақсы қозғалдық. ♦We watched the ship's stately progress out of the docks. – Кеменің доктан салтанатты кетуін қарап тұрдық. 3. (idm) *in progress (formal) (осы кезде) болып жатқан ♦Work on the new offices is now in progress. – Жаңа офистерге қатысты жұмыс қазір жүруде. ♦Please be quiet - examination in progress. – Тынышталуыңызды өтінеміз – емтихан жүріп жатыр. B.v 1.жақсару, жетілу, алға басу, ілгерілеу (syn: advance) ♦The course allows students to progress at their own speed. – Курс студенттерге өз беттерінше жылжуға мүмкіндік береді. ♦Work on the new road is progressing slowly. – Жаңа жолды салу баяу ілгерілеуде. ♦Things are progressing well. – Іс дұрыс жылжуда. ♦∼ in smth to progress rapidly in your career – карьерасында тез көтерілу/ өсу ♦∼ with smth They are anxious to progress with the plan. – Олар жоспардан қалмай жылжуды ойлап уайымдауда. ♦∼ from smth to smth He soon progressed from the basics to more difficult work. – Біраздан соң ол қарапайым істен күрделілеуіне көшті. 2. (formal) (алға) қозғалу, жылжу, жүру ♦The line of traffic progressed slowly through the town. – Көлік нөпірі қала ішінде баяу жылжыды. ♦(figurative) Cases can take months to progress through the courts. – Істер сотта апталап жылжуы мүмкін. 3. (уақыт ж) өту, жылжу ♦The weather became colder as the day progressed. – Күн соңына қарай күн суыта түсті. ♦The visiting team's confidence increased as the game progressed. – Ойын өрістеген сайын қонақ команда батыл ойнай түсті.