promote [prəˈməʊt] v 1. (өнімді, қызметті, тб рынокта) ілгерілету, демеу, таныстыру, қолдау, дем беру, сүйеу ♦∼ smth The band has gone on tour to promote their new album. – Музыкалық топ өздерінің жаңа альбомдарын таныстыру үшін ел аралап, концерт қоюда. ♦This trade fair will help businesses from Kazakhstan to promote their products. – Осы сауда жәрмеңкесі қазақстандық бизнестерге/ кәсіпорындарға өз өнімдерін ілгерілетуге жәрдемдеседі. ♦∼ smth as smth The area is being promoted as a tourist destination. – Бұл тұсты туризм орны деп ілгерілетуде. 2. ∼ smth демеу, сүйеу, қолдау, орнықтыру, өрістету (syn: encourage) ♦to promote democracy/peace/understanding/health – демократияны/ бейбітшілікті өрістету/ түсінікті/ денсаулықты демеу ♦I applaud his efforts to promote world peace. – Оның дүниеде бейбітшілікті өрістетуге бағыттаған еңбегін қошеметтеймін. ♦to promote the development/use of something – бірнәрсенің дамуын/ қолданысын демеу ♦policies to promote economic growth – экономиканың өсімін демеу саясаты ♦a campaign to promote awareness of environmental issues – табиғат мәселерінен (жұртты) хабардар ету науқаны ♦The exhibition was intended to promote interest in contemporary sculpture. – Көрме қазіргі заманғы скульптураға деген ынтаны көтеруді көздеді. ♦We think football can help to promote the idea of a multicultural and multiethnic society. – Футбол көпмәдениетті және көпұлтты қоғам туралы идеяны өрістетуге жәрдемдесе алады деп ойлаймыз. ♦Vietnam has actively promoted foreign investment. – Вьетнам шетел инвестицияларына белсенді дем берді. 3. (біреуді жұмыста) жоғарылату, өсіру (opp: demote) ♦∼ smb She worked hard and was soon promoted. – Ол тынбай еңбектеніп, жұмысында көп ұзамай өсті. ♦∼ smb to smth He has been promoted to sergeant. – Оны сержант қылды. ♦∼ smb from smth He was an experienced officer who had been promoted from the ranks. – Ол қызметін төменнен бастаған тәжірибелі офицер еді. ♦∼ smb from smth to smth She was promoted from finance director to chief executive. – Ол қаржы директорынан бас атқарушылыққа жоғарылады. 4. ∼ smth (from smth) (to smth) (спорт командасын жоғары деңгейге/ лигаға) жоғарылату (opp: relegate) ♦They were promoted to the First Division last season. – Олар өткен маусымда Бірінші дивизионға жоғарылады.