pronounce [prəˈnaʊns] v 1. ∼ smth дыбыстау, айту ♦to pronounce a word/syllable/vowel/consonant – сөз(ді)/ буын(ды)/ дауысты дыбыс(ты)/ дауыссыз дыбыс(ты) дыбыстау ♦Very few people can pronounce my name correctly. – Аз ғана адам атымды дұрыстап айта алады. ♦The ‘b’ in lamb is not pronounced. – «Lamb» сөзіндегі ‘b’ айтылмайды. ♦I found it difficult to pronounce the name of the port. – Порттың атын/ атауын айта алмай қиналдым. 2. (formal) айту, жариялау, деу, (үкім) шығару ♦∼ smth to pronounce an opinion – пікір айту ♦The judge will pronounce sentence today. – Судья үкімді бүгін шығарады. ♦I hesitate to pronounce judgement in such a case. – Бұндай жағдайда пікір айтудан қашамын. ♦∼ smb/smth She pronounced him the winner of the competition. – Ол оны жарыс жеңімпазы деп жариялады. ♦I now pronounce you husband and wife. – Сіздерді енді күйеуі мен әйелі деп жариялаймын. ♦∼ smb/smth She was pronounced dead on arrival at the hospital. – Оны аурауханаға жеткен кезде өлді жеп жариялады. ♦The jury pronounced him guilty of first-degree murder. – Алқабилер (присяжные) оны бірінші дәрежелі кісі өлтіру ісінде кінәлі деп тапты. ♦∼ smb/smth to be/have smth He pronounced the country to be in a state of war. – Ол елде соғыс жағдайын жариялады. ♦∼ that… She pronounced that an error had been made. – Ол қате жіберілгенін айтты. ♦‘It's pneumonia,’ he pronounced gravely. – «Бұл пневмония ғой», деді ол түнере. ♦∼ in favour of smb/smth The committee has pronounced in favour of the merger. – Қосылуды комитет мақұлдады. ♦∼ for smb/smth The judge pronounced for the defendant. – Судья қорғанушыны ақтай үкім шығарды. 3. (phr v) *pronounce on/upon smth (formal) пікір айту, шешім айту ♦He feels able to pronounce on all kinds of subjects. – Ол өзінің барлық тақырыпта сөйлей алатынын біледі. ♦The minister will pronounce on further security measures later today. – Министр бүгін түстен кейін одан әрі қауіпсіздік шаралары жайлы шешім айтады. ♦I do not feel competent to pronounce on this matter. – Бұл мәселеде пікір айтуға біліктімін дей алмаймын.