proof [pruːf] A.n 1.дәлел, айғақ (syn: evidence) ♦conclusive/definitive/scientific proof – бұлтартпас/ нақты/ ғылыми дәлел ♦The police suspected him of dealing drugs, but they didn't have any proof. – Полиция одан есірткімен айналысады деп күдіктенді, алайда оларда айғақ/ дәлел болмады. ♦to require/need proof – дәлел(ді)/ айғақ(ты) қажет ету ♦∼ of smth Can you provide any proof of identity? – Жеке куәлігіңіз бар ма?/ Кім екенің(із)ді дәлелдей аласың(ыз) ба? ♦Keep the receipt as proof of purchase. – Сатып алғанды растайтын квитанцияны сақтап қой(ғын). ♦These results are a further proof of his outstanding ability. – Бұл нәтижелер оның ерекше қабілетінің тағы бір дәлелі. ♦∼ (that)… There is no proof that the knife belonged to her. – Пышақтың оныкі екеніне айғақ/ дәлел жоқ. ♦Today's unemployment figures are proof positive the government's economic plan isn't working. – Бүгінгі жұмыссыздық саны үкіметтің экономикалық жоспарының істемей жатқанының бір дәлелі. ♦In criminal cases the burden of proof is on the prosecution. – Қылмысты істерде дәлелдеу тауқыметі/ міндеті прокуратурада. ♦plans to lower the standard of proof required to convict people of crimes under the Terrorism Act – терроризмге қатысты заңға сай қылмыс жасаған адамдарды соттау үшін қажет дәлел стандарттарын төмендету туралы жоспарлар 2.дәлелдеу(шілік) ♦Is the claim capable of proof? – Бұл талапты дәлелдеуге бола(ды) ма? 3. (mathematics) дәлел, дәлелдеме 4.қатені түзету үшін мақаланың, тб басылған копиясы ♦She was checking the proofs of her latest novel. – Ол өзінің кейінгі романының қателерін түзету үшін басылған копияларды тексеріп отырды. 5.күштілік (арақтың) 6. (idm) *be living proof of smth/that… көпе-көрнеу/ өзінен өзі көрініп тұрған дәлел/ айғақ ♦These figures are living proof of the government's incompetence. – Бұл сандар үкіметтің сауатсыздығының дәлелі. ♦He is living proof that age is no barrier to new challenges. – Қандай жаста да кезіккен қиындықты еңсеруге болатынын ол дәлелдеді. *the proof of the pudding (is in the eating) (saying) пудиңнің/ тоқаштың қандай екенін жегенде білесің, заттың қандай екенін білу үшін оны ұстап/ сынап, тб көру керек B.adj 1. ∼ against smth (formal) төзімді, шыдамды, төтеп беретін, шыдайтын, төзетін ♦The sea wall was not proof against the strength of the waves. – Теңіз жағасындағы тосқауыл толқын тегеурініне шыдас бермеді. 2. (күрделі/ құрама сөздерде) төзімді, шыдамды ♦rainproof/windproof clothing – жауынға/ желге төзімді киім ♦The car has childproof locks on the rear doors. – Машинаның артқы есігінде балаларға есік аштырмайтын құлпы бар. ♦an inflation-proof pension plan – инфляцияны ескеретін пенсия жоспары C.v 1. ∼ smth (матаны, тб отқа, суға, тб) төзімді ету, мықтау ♦proofed canvas – мықталған кенеп 2. ∼ smth қатені түзету үшін мақаланың, тб копиясын басып шығару