prospect [ˈprɒspekt] A.n 1.ықтималдық, мүмкіндік, перспектива ♦∼ of smth There is no immediate prospect of peace. – Бейбітшілік бірден орнай қоймайды. ♦They faced the prospect of defeat in the elections. – Оларды сайлаудағы жеңіліс күтіп тұрды. ♦There was insufficient evidence for a realistic prospect of conviction. – Соттай алу үшін айғақ жеткіліксіз болды. ♦It's a move that raises the prospect of a takeover battle for the airline. – Бұл қадамның нәтижесінде авиалинияны жұтам деушілердің арасында өзара қырқыс басталып кетуі мүмкін. ♦∼ (that)… There's a reasonable prospect that his debts will be paid. – Оның қарыздарының төленуі әбден мүмкін. ♦in ∼ A place in the semi-finals is in prospect. – Жарты(лай) финалға команданың шығуы әбден мүмкін. 2. (келешекте болуы мүмкін не болатын нәрсе жайлы) ой, елестету ♦an exciting prospect – қызықты ой/ жоспар ♦Travelling alone around the world is a daunting prospect. – Дүниені жалғыз кезу – қиын шаруа. ♦∼ of smth Her heart sank at the prospect of marriage to a man she loathed. – Өзі жеккөретін еркекке тұрмысқа шығу жайлы ойлағанда оның жүрегі солда да қалды. ♦∼ doing of The prospect of becoming a father filled him with alarm. – Әке болуды ойлағанда бойына уайым толды. ♦I don't relish the prospect of having to share an office. – Кеңсемді біреумен бөлісуді ойлағым да келмейді. ♦I'm very excited at the prospect of joining the team. – Командаға қосылуды ойлағанда толқып кеттім. 3. ∼s жақсы мүмкіндік, жақсы келешек, перспектива ♦good job/employment/career prospects – жақсы жұмыс мүмкіндіктері ♦industries with excellent growth prospects – өсу келешегі тамаша индустриялар/ өндірістер ♦At 25 he was an unemployed musician with no prospects. – Жиырма бесімде келешегі жоқ жұмыссыз музыкант едім. ♦∼s for smth Long-term prospects for the economy have improved. – Экономиканың ұзақ мерзімді(к) перспективасы/ өсу болжамы жақсарды. ♦The war undermines future prospects for economic growth. – Соғыс болашақ өсу перспективаларын жояды. ♦∼s of smth Their prospects of success are slight. – Олардың табысқа жету мүмкіндігі болмашы ғана. ♦What are the prospects of promotion in this job? – Бұл қызметте өсу мүмкіндігі қандай? ♦We are highly optimistic about the future prospects of the company. – Компанияның келешегіне өте сенімдіміз. 4. ∼ (for smth) болашағынан үміт күттіретін адам, келешегі жарқын адам ♦She is one of Canada's best prospects for a gold medal. – Канада үшін алтын алады-ау деген спортшының бірі осы. ♦a list of the hot new prospects on the literary scene – әдебиет сахнасындағы жас дарындардың тізімі 5. (formal) көрініс (табиғаттың, тб) ♦a delightful prospect of the lake – көлдің көңіл серпілтетін көрінісі B.v ∼ (for smth) кен (алтын, мұнай, тб) іздеу ♦Thousands moved to the area to prospect for gold. – Мыңдаған адам алтын іздеп аймаққа келді. ♦(figurative) to prospect for new clients – жаңа клиенттер іздеу