proud [praʊd] A.adj (∼er, ∼est) 1.абыройлы, мерейлі, мейірлі, беделді; мақтанған; қуанған; тоқмейіл, көңілі тоқ, риза, сүйінген ♦proud parents – мерейлі/ беделді ата-аналар ♦the proud owner of a new car – жаңа машинаның мерейлі иесі ♦The girls have made me extremely proud. – Қыздар мерейімді тасытты./ Қыздарға бола өте мақтандым. ♦∼ of smb/smth/yourself Your achievements are something to be proud of. – Жетістіктерің – мақтанарлық./ Жетістіктеріңе мақтануға болады. ♦Barry was proud of the fact that he had never missed a day's work in his life. – Бәрри өмірінде бір күнде жұмыстан қалмағанына іштей риза болатын. ♦∼ of smb/smth/yourself for doing smth He was proud of himself for not giving up. – Өзінің шыдай алғанына риза болды. ♦∼ to be/do smth I feel very proud to be a part of the team. – Команданың бір бөлігі болуға өте мақтанамын. ♦I'm proud to say it's now been 17 days since I last smoked. – Он жеті күн бойы темекі тартпағаныма ризамын. ♦We are proud to present this award to you. – Осы сыйлықты саған табыс етуге ризамыз. ♦∼ (that)… She was proud that her daughter had so much talent. – Қызының соншама қабілетіне ол іштей сүйсінді. 2.қуантатын, даңқты, мерейлі, абыройлы ♦This is the proudest moment of my life. – Бұл өмірімдегі ең қуанышты сәт. ♦It was a proud day in the nation’s history. – Бұл ел тарихындағы даңқты күн еді. ♦The car had been his proudest possession. – Машинасы ерекше мақтанышы еді. 3. (disapproving) менмен, тәкаппар, өркөкірек, паң, тік (syn: arrogant) ♦She comes across as proud and arrogant. – Ол менмен тәкаппарлығымен мәлім. ♦a proud man who would not admit his mistakes – қатесін мойындамайтын менмен 4.намысқой, намысшыл, өр, өркеуде, өрмінез, батыл ♦They were a proud and independent people. – Олар өр және еркін адамдар еді. ♦Don't be too proud to ask for help. – Көмек сұрауға намыстанба. ♦What has become of this once proud nation? – Бір кездегі өр ұлтқа не болған? 5. (literary) сымбатты, тартымды, әдемі ♦The sunflowers stretched tall and proud to the sun. – Күнбағыстар күнге керіле бой созды. 6. (idm) *(as) proud/pleased as Punch өте риза/ мақтанған ♦Now he's passed his driving test, he's as proud as Punch. – Жүргізу сынағынан өтіп, енді мәз (болып жүр). B.adv (idm) *do smb proud (BrE, old-fashioned) біреуге мол дастархан жаю, асты-үстіне түсу, көп көңіл бөлу ♦The college did us proud at the centenary dinner. – Жүзжылдық мерейтой асында колледж бізге мол дастархан жайды. *do yourself/smb proud мерейі тасу, мақтану, мерейін тасыту, мақтандыру ♦The soldiers have done their country proud. – Сарбаздар/ Солдаттар ел мерейін үстем етті.