prove [pruːv] v (pt proved, pp proved, (especially NAmE) proven [ˈpruːvn; ˈprəʊvn], -ing form proving) 1.дәлелдеу, растау (opp: disprove) ♦∼ smth They hope this new evidence will prove her innocence. – Олар осы жаңа айғақ оның кінәсіз екенін дәлелдейді деп үміттенеді. ♦‘I know you're lying.’ ‘Prove it!’ – «Өтірік айтып тұрғаныңды білемін». «Дәлелде!» ♦He felt he needed to prove his point. – Ол өз пікірін дәлелдеуі керектігін ұқты. ♦What are you trying to prove? – Нені дәлелдемекшісің? ♦The prosecution has failed to prove its case. – Айыптаушы жақ істі дәлелдей алмады. ♦She continued to prove her worth to the team. – Ол өзінің командаға лайықты екенін дәлелдеп бақты. ♦∼ smb/smth/yourself to be/have smth You've just proved yourself to be a liar. – Мінеки, өзіңнің суайт екеніңді көрсеттің. 2. linking verb болып шығу, болу (syn: turn out (1)) ♦The strategy has proved successful. – Стратегия табысты болып шықты. ♦The new system has proved popular with our clients. – Жаңа жүйе клиенттерімізге ұнады/ ұнайды екен. ♦It was proving extremely difficult to establish the truth. – Шындықты анықтау мүлде қиын шаруа болып жатты. ♦I have some information that may prove useful. – Менде пайдалы болуы мүмкін мәлімет бар. ♦The opposition proved too strong for him. – Оған қарсылас жақ тым күшті екен. ♦The play proved a great success. – Пьеса табысты болды. ♦Shares in the industry proved a poor investment. – Индустрияға құйған инвестиция сәтсіз болып шықты. ♦His lack of experience may prove a problem in a crisis. – Оның тәжірибесінің аздығы кризис кезінде мәселе болуы мүмкін. ♦∼ to be smth The promotion proved to be a turning point in his career. – Сол жоғарылауы еңбек жолындағы шешуші сәт болып шықты. ♦Their fears proved to be groundless. – Олар босқа уайымдапты. 3.өзінің лайықты, шебер, тб екенін дәлелдеу, өзін көрсету ♦∼ yourself to smb He constantly feels he has to prove himself to others. – Ол өз шеберлігін басқаларға көрсетіп отыру керектігін сезеді. ♦∼ yourself She wants a chance to prove herself. – Ол өзін көрсететін бір сәт болса екен деп тілейді. ♦∼ yourself He proved himself determined to succeed. – Ол өзінің табанды екенін көрсетті. ♦∼ yourself to be smth She proved herself to be a skilful negotiator. – Ол өзінің шебер келіссөзші екенін көрсетті. 4. (ашыған қамыр ж) қампию, ісіну (syn: rise)