prowl [praʊl] A.v 1. (жыртқыш аң ж) (жемтік аулай) тору, торуылдау, бұғына қозғалу ♦The tiger prowled through the undergrowth. – Жолбарыс бұталардың арасымен торыды. ♦Wolves were prowling around outside. – Қасқырлар сыртта торып жүрді. ♦∼ smth Beasts prowled the forests at night. – Жыртқыштар түнде орманды торыды. ♦A man was seen prowling around outside the factory just before the fire started. – Өрт шығар алдында бір адам завод сыртын торуылдап жүрді. 2. ∼ smth мазасыздана/ тағат таппай ерсілі-қарсылы жүру ♦He prowled the empty rooms of the house at night. – Түнде ол үйдің бос бөлмелерінде әрі-бері жүрді. B.n (idm) *(be/go) on the prowl тору, торуылдау ♦There was a fox on the prowl near the chickens. – Тауықтарға жақын жерде түлкі торуылдап жүрді. ♦an intruder on the prowl – торуылдаған бұзақы/ бұзық