purge [pɜːdʒ] A.v 1. «тазарту», (жақпаған адамдарды) кетіру, қудалау, қуғындау, қуғын-сүргінге ұшырату ♦∼ smth (of smb) His first act as leader was to purge the party of extremists. – Жетекші ретіндегі оның алғашқы қадамы партияны экстремистерден тазарту болды. ♦∼ smb (from smth) He purged extremists from the party. – Ол партияны экстремистерден тазартты. 2. (formal) (ойын, ұғымын, мінезін, тб) тазарту ♦∼ yourself/smb/smth (of smth) We need to purge our sport of racism. – Спортымызды расизмнен/ нәсілшілдіктен тазартуымыз керек. ♦∼ smth (from smth) Nothing could purge the guilt from her mind. – Оның санасынан кінә сезімін ешнәрсе де кетіре алмайды. B.n «тазарту», (жақпаған адамдарды) кетіру, қудалау, қуғындау, қуғын-сүргінге ұшырату ♦A purge of the party was ordered. – Партияны тазартуға бұйырды. ♦the Stalinist purges – сталиндік репрессиялар/ қуғын-сүргіндер ♦The prime minister carried out a purge of ministers sympathetic to reform. – Премьер-министр реформаға бүйрегі бұрған министрлерден құтылды.