purpose [ˈpɜːpəs] n 1.мақсат, ниет ♦Our campaign's main purpose is to raise money. – Науқанымыздың/ Кампаниямыздың негізгі мақсаты – ақша жию. ♦I moved to London for the sole purpose of working with her. – Лондонға сонымен (қызбен) жұмыс істеу үшін ғана көштім. ♦with the ∼ of doing smth This project was launched with the purpose of increasing the number of visitors to the region. – Жоба аймаққа келушілер санын ұлғайту ниетімен/ мақсатымен қолға алынды. 2. ∼s бірн-е үшін, ретінде, бір мақсатпен/ ниетпен, мақсат ♦for… ∼s These gifts count as income for tax purposes. – Салық салу үшін бұл сыйлықтарды кіріс деп есептейді. ♦The building was originally used for commercial purposes. – Үй-жайды алғашында сауда істері үшін пайдаланған. ♦for the ∼s of smth For the purposes of this study, the three groups have been combined. – Осы зерттеудің мақсаттары үшін үш топ бірікті. 3.мән, мағына, мән-мағына ♦Volunteer work gives her life a sense of purpose. – Ерікті болып істегенде ол бір мән-мағына табады. ♦He believes he has finally found a purpose in life. – Ол ақыры тіршіліктің мән-мағынасын таптым деп ойлайды. 4.құлшыныс, жігер, тегеурін (syn: determination) ♦He has enormous confidence and strength of purpose. – Онда орасан зор сенім мен тегеурін бар. 5. (idm) *fit for purpose мақсатқа, іске сай/ лайықты/ жарамды болу ♦The minister argued that the education system wasn’t fit for purpose. – Министр білім жүйесі талапқа сай емес деді. ♦I returned the goods as they weren’t fit for purpose. – Жарамсыз болғандықтан товарларды қайтардым. *for (all) practical purposes [қ-з: practical (А7)] *on purpose әдейі, қасақана ♦He did it on purpose, knowing it would annoy her. – Оның мазасына тиетінін біліп, ол бұны әдейі істеді. ♦He slammed the door on purpose. – Ол есікті әдейі тарс еткізе жапты. *to all intents and purposes (especially BrE) (NAmE usually for all intents and purposes) [қ-з: intent (В2)] *to little/no purpose (formal) босқа, құры, бекерге, босқа дерлік ♦The government had spent a lot on education but to little or no purpose. – Үкімет(тің) оқуға қанша ақша жұмсағанымен, нәтиже шықпады деуге болады.