quiet [ˈkwaɪət] A.adj (∼r, ∼st) 1.тыныш, бәсең, жай, ақырын, үнсіз ♦her quiet voice – оның ақырын/ бәсең даусы ♦a quieter, more efficient engine – даусы бәсең, бірақ күштірек мотор ♦Could you keep the kids quiet while I'm on the phone? – Телефонмен сөйлескенімше мына балаларды тыныштандыра аласың ба? ♦He went very quiet so I knew he was upset. – Үндемегенінен ренішін аңғардым. ♦‘Be quiet,’ said the teacher. – Мұғалім «Тыныш(талыңдар)» деді. ♦She crept downstairs (as) quiet as a mouse. – Ол төмен қарай тышқанша үнсіз қозғалды. ♦We were all quiet for a moment. – Бір сәт үнсіз отырып қалдық. 2.тыныш ♦a quiet street/town – тыныш көше/ кент ♦a quiet place – тыныш орын ♦They lead a quiet life. – Олар тыныш өмір сүреді. ♦After a month of political tensions, things are relatively quiet. – Бір ай саяси дырдудан соң жағдай біршама тыныш. 3.тыныш, мазасыз, жайбарақат, оңаша ♦to have a quiet drink – тыныш отырып ішу ♦They were enjoying a quiet moment by the lake. – Олар көл жанындағы тыныштыққа сүйсініп отыр еді. ♦I was looking forward to a quiet evening at home. – Үйде кешке тып-тыныш болсам ба деп ойлағанмын. 4.момын, жуас ♦She was quiet and shy. – Ол жуас әрі ұяң еді. 5.айқын білінбеген, тыныш, сезілетін ♦He had an air of quiet authority. – Билік соның қолында екені сезілетін. 6. (idm) *keep quiet about smth | keep smth quiet үндемеу, жақ ашпау ♦I've decided to resign but I'd rather you kept quiet about it. – Қызметімнен кетуге ұйғардым, бірақ ешкімге айтпай тұра тұруыңды өтінемін. ♦This story is too big to be kept quiet. – Бұндай үлкен әңгімені жұрт бәрібір естиді. B.n 1.тыныштық, үнсіздік ♦the quiet of his own room – өз бөлмесіндегі тыныштық ♦the quiet of the early morning – таңсәрі тыныштығы 2. (idm) *on the quiet ешкімге айтпастан, білдірместен (syn: secretly) ♦He’d been meeting her on the quiet. – Ол онымен ақырын кездесіп жүріпті. C.v (especially NAmE) тынышталу, тыныштану, тыншу, бәсеңдеу; жұбату (syn: calm down) ♦∼ (down) The demonstrators quieted down when the police arrived. – Полиция жетіп келгенде наразы шерушілер тынышталды. ♦∼ smb/smth (down) He's very good at quieting the kids. – Ол балаларды жұбатқанға келгенде шебер.