race [reɪs] A.n 1.жарыс, бәйге ♦a boat/horse race – қайық/ ат жарысы ♦a five-kilometre road race – жолмен бес км жарысу ♦Who won the race? – Жарысты кім ұтты? ♦Shall we have a race to the end of the beach? – Пляждың соңына дейін жарысалық па? 2.сайыс, жарыс, күш сынасу, дода ♦∼ for smth Who will win the race for the White House? – Ақ үйге жарысты кім ұтады (екен)? ♦∼ to do smth The race is on to find a cure for the disease. – Ауруға ем табу жарысы басталды. ♦∼ between A and B The 1960 election was a close race between Nixon and Kennedy. – 1960 жылғы сайлауда Никсон мен Кеннеди үзеңгі қағыстыра айқасты. 3. the ∼s ат жарысы, бәйге ♦to go to the races – бәйгеге бару ♦We had a great day at the races. – Барып қызықты бәйге тамашаладық. 4.нәсіл, раса (адамзат баласының түріне, түсіне қарай жіктелуі) ♦This custom is found in people of all races throughout the world. – Бұл салт әлемнің барлық нәсіліндегі адамдарда бар. ♦people of mixed race – аралас нәсілді адамдар ♦legislation against discrimination on the grounds of race or gender – нәсілі мен жынысына қарай кемсітуге қарсы заң(нама) ♦Race is a major issue in this election. – Осы сайлауда нәсіл – үлкен мәселе. 5.белгілі бір мәдени, тілдік, тарихи топ ♦the Nordic races – нордик халықтар/ солтүстік Европа адамдары ♦He admired Canadians as a hardy and determined race. – Ол канадалықтарға төзімді, өжет халық деп қарады. 6.тұқым (аңның, өсімдіктің түрі) ♦a race of cattle – ірі-қара тұқымы 7. (idm) *have a dog in the fight (NAmE also have a dog in the race/hunt) (informal) бірнәрседе көздеген мақсаты болу, бірнәрсеге қатысты болу ♦I really don't have a dog in this fight, so I can just enjoy the game. – Бұл сайыста тіккен бәсім жоқ, сондықтан ойынды қызықтамақпын. ♦The employees have a dog in the hunt, so their views should be listened to. – Бұл істе қызметкерлердің пайдасы/ мүддесі бар, сондықтан олардың пікірімен санасқан жөн. *a one, two, three, etc. horse race [қ-з: horse (A4)] *a race against time/the clock «уақытпен арпалысу», кешікпес үшін/ дер кезінде істеу үшін жанталасу ♦Getting food to the starving refugees is now a race against time. – Ашыққан босқындарға азық жеткізу енді - уақытпен арпалысу. *race to the bottom (economics) «түбіне/ табанына қарай жарыс», өнімді неғұрлым арзан өндіру бойынша жарысу ♦They are caught in the cheap food syndrome, the race to the bottom, the chase for the lowest cost of production globally. – Олар арзан тамақ синдромына душар болған, әлемде ең арзан бағаға жету үшін жан салуда. B.v 1.жарысу, сайысу; жарысқа/ сайысқа/ бәйгеге қатысу ♦They raced to a thrilling victory in the relay. – Олар эстафетада жан тебірентерлік жеңіске жетті. ♦She'll be racing for the senior team next year. – Ол келесі жылы ересектер командасында жарысатын болады. ♦∼ against smb/smth Who will he be racing against in the next round? – Келесі айналымда кім жарысқа түсетін болады? ♦∼ smb/smth We raced each other back to the car. – Машинаға дейін бір-бірімізбен жарысып бардық. ♦∼ to do smth Television companies are racing to be the first to screen his life story. – Телекомпаниялар оның өмірі жайлы бірінші болып көрсету үшін жарысуда. 2. ∼ smth (аңды, көлікті, тб) жарысқа/ бәйгеге/ сайысқа қатыстыру ♦to race dogs/horses/pigeons – иттерді/ аттарды/ кептерлерді жарыстыру ♦to race motorbikes – мотоциклдерді жарыстыру 3.жылдам/ шапшаң/ тез қозғал(т)у ♦He raced up the stairs. – Ол баспалдақпен жоғары жөңкілді. ♦The days seemed to race past. – Күндер зымырап өтіп жатқан сияқты болды. ♦Her two dogs raced ahead. – Оның екі иті алға ытқи жөнелді. ♦She raced through the work in no time at all. – Ол жұмыс орнынан зып етіп өте шықты. ♦∼ smb/smth The injured man was raced to the hospital. – Жаралы адамды ауруханаға заулатты. ♦She raced her car through the narrow streets of the town. – Ол машинасын кенттің тар көшелерімен ызғытты. ♦(ауысп мағ) My mind raced as I tried to work out what was happening. – Не болғанын ұққым келіп, миым арпалысты. ♦(ауысп мағ) My heart was racing with fear. – Үрейден жүрегім дүрсілдеді. ♦(ауысп мағ) She took a deep breath to calm her racing pulse. – Ол тамыр солқылын басу үшін терең дем алды. ♦(ауысп мағ) The truck came to rest against a tree, its engine racing. – Жүк көлігі барып ағашқа соғылды, бірақ моторы безілдеп жатты.