radar [ˈreɪdɑː(r)] n 1.радар (радиотолқындар арқылы заттардың, м.: самолеттер, кемелер, тб, қай жерде екенін табатын жүйе) ♦They located the ship by radar. – Олар кемені радар арқылы тапты. a radar screen – радар мониторы/ экраны 2. (idm) *below/under the radar «радардың астында», беймәлім, белгісіз ♦Experts say a lot of corporate crime stays under the radar. – Эксперттер корпоративтік қылмыстардың көбі беймәлім қалады дейді. The conflict has slipped below the radar of the mass media. – Жанжал баспасөз назарынан шығып қалды. *on/off the radar (screen) ​жұрт назарында/ назарында емес, көпшілік біледі/ білмейді ♦The issue of terrorism is back on the radar screen. – Терроризм мәселесі қайтадан пайда болды. Since the scandal broke, all other issues seem to have disappeared off the radar screen as far as the media is concerned. – Жанжал бұрқ еткелі бері басқа бар мәселе ұмыт болды, әйтеуір баспасөз айтпайтын болды.