radiate [ˈreɪdieɪt] v 1.түрінен/ жүзінен біліну/ тарау/ жайылу/ шашырау ♦∼ smth He radiated self-confidence and optimism. – Жүзінен (өзіне деген нық) сенім мен жігер табы тараған. ♦∼ from smb the energy that seemed to radiate from her – одан тарағандай көрінген қуат 2.алаулау, жарық/ қуат/ жылу тарау/ шашырау/ жайылу (syn: give off smth) ♦∼ smth The hot stars radiate energy. – Ыстық жұлдыздардан энергия/ қуат тарайды. ♦∼ (from smth) Heat radiates from the stove. – Пештен жылу тарайды. 3. (ортадан) тарау, тарқау ♦Five roads radiate from the square. – Алаңнан бес жол тарайды. ♦The pain started in my stomach and radiated all over my body. – Шаншу асқазанымнан басталып, бүткіл денеме жайылды/ тарады. ♦the paths radiating out from the village – ауылдан тараған соқпақ жолдар