rag [ræɡ] A.n 1.ескі шүберек, ескі мата, ескі-құсқы ♦I wiped the window with a damp rag. – Терезені дымқыл шүберекпен сүрттім. ♦Use a piece of old rag. – Ескі шүберекті пайдалан. 2. (informal, usually disapproving) «ескі-құсқы» (сапасы нашар газет) ♦the local rag – жергілікті газетсымақ ♦I don't know how you can bear to read that awful rag! – Сол күл-қоқырды қалай ғана шыдап оқитыныңа таңғаламын! 3.рәгтайм/ регтайм музыкасы [қ-з: ragtime] 4. (BrE) қайырым ісіне ақша жию шарасы ♦rag week – қайырым ақша жию аптасы 5. (idm) *in rags ескі-құсқы/ шоқпыт киген ♦The children were dressed in rags. – Балалар ескі-құсқы киіпті. ♦I saw people dressed in rags begging on the street. – Көшеде үстіне шоқпыт киіп, қайыр сұраған адамдарды көрдім. *lose your rag (BrE, informal) ашуланып/ ызаланып кету *(from) rags to riches қаратабан кедейден шылқыған байға айналу ♦a rags-to-riches story - қаратабан кедейден шылқыған байға айналу хикаясы ♦Hers was a classic tale of rags to riches. – Оның басынан кешкені тақыр кедейден керемет байға айналудың классикалық әңгімесі еді. *a red rag to a bull (BrE) (US like waving a red flag in front of a bull) «бұқаға арналған қызыл шүберек», біреуді қатты ашуландыратын нәрсе B.v (old-fashioned) 1. ∼ smb (about smth) (біреуді) келемеждеу, мазақтау, келекелеу (syn: tease) 2. (phr v) *rag on smb (NAmE, informal) (біреуді) мінеу, сынау, сөзбен тиісу ♦My boss is always ragging on me. – Бастығым мені мінейді де жүреді.