raid [reɪd] A.n 1.тұтқиыл(дан болған) шабуыл, күтпеген шабуыл ♦to conduct/launch a raid – тұтқиылдан шабуыл жасау ♦∼ on smth The carried out a bombing raid on enemy bases. - Олар тұтқиылдан шабуыл жасап, жау базаларын бомбалады. ♦∼ against smth The raids against military targets continued. – Әскери нысаналарға қарсы тұтқиыл шабуылдар жалғасты. 2.рейд, (ойда жоқта) басып, кіру, жетіп келу, сау ете қалу ♦They were arrested during a dawn raid. – Оларды таңғы рейд кезінде тұтқындады. ♦∼ on smth He was injured during a police raid on his nightclub. – Ол полиция түнде өзінің түнгі клубына басып кірген кезде жарақат алды. 3.қарақшылық, (қылмысты) шабуыл, рейд ♦an armed bank raid – банкке қарулы шабуыл/ банкке қарақшылық жасау ♦∼ on smth Two customers foiled a raid on a local post office. – Екі клиент жергілікті почта бөлімшесіне жасалмақ болған шабуылдың жолын кесті. B.v 1. ∼ smth (полиция ж) басып, кіру, жетіп келу, сау ете қалу, рейд жасау ♦The house was raided in the early hours. – Үйге ертемен басып кірді. 2. ∼ smth (әскер, әскери ұшақтар ж) тұтқиылдан шабуылдау, қарақшылық жасау, басып кіру, көктей өту ♦Villages along the border are regularly raided. – Шекара маңындағы ауылдарға шабуылдап/ басып кіріп жатады. ♦a raiding party – қарақшы топ/ шабуылдаушы топ 3. ∼ smth қарақшылық жасау, тонап кету, талап кету, талан-тараж етіп кету (syn: plunder, ransack) ♦Many treasures were lost when the tombs were raided in the last century. – Қабірлерді өткен ғасырда тонаған кезде көптеген бағалы дүниелер жоғалған. ♦Sales staff were forced to lie on the floor when a gang raided a jewellery store last night. – Қарақшы топ өткен түні зергер дүкеніне сау еткенде сатушылар еденге жатуға мәжбүр болған. ♦(humorous) I caught him raiding the fridge again. – Оны тағы да тоңазтқышқа түсіп жатқан жерінен ұстадым.