rain [reɪn] A.n 1.жауын, жаңбыр, жауын-шашын ♦There will be rain in all parts tomorrow. – Барлық жер(лер)де ертең жауын(-шашын) болады/ жауады. ♦The rain was falling more heavily now. – Жаңбыр енді үдей түскен. ♦Rain is forecast for the weekend. – Апта соңында жаңбыр болады дейді/ болады деп болжануда. ♦in the ∼ Don't go out in the rain. – Жауында тысқа/ сыртқа шықпа. ♦It's pouring with rain. – Нөсер құйып тұрды. ♦heavy/torrential/pouring/driving rain – нөсер ♦It looks like rain. – Жаңбыр жауатын сияқты. 2. the ∼s (тропикте жылдың белгілі бір айларында жауатын) маусым/ муссон жауыны ♦The rains come in September. – Маусым жаңбыры қыркүйекте келеді. ♦The monsoon rains started early this year. – Маусым жаңбыры биыл ерте басталды. ♦(ауысп мағ) a rain of bullets – жауған оқ ♦(ауысп мағ) The archers poured a rain of arrows on the enemy. – Садақшылар жауға жебені жаудырды. 3. (idm) *come rain, come shine/(come) rain or shine күн жауынды не ашық болса да; не болса да ♦He goes jogging every morning, rain or shine. – Күн қандай болса да ол әр таңда жүгіреді. ♦We work outside every day, rain or shine. – Күн қандай болса да біз күн сайын тыста істейміз. *(as) right as rain (informal) күйі/ жағдайы мықты/ тамаша B.v 1. (жаңбыр, жауын, нөсер) жауу, күн жауу ♦Is it raining? – Күн жауып тұр ма? ♦It had been raining hard all night. – Түні бойы сіркіреп жауды. ♦It hardly rained at all last summer. – Жаз бойы тамбады десе де болады. ♦(ауысп мағ) ∼ (down) (on smb/smth) Bombs rained (down) on the city’s streets. – Қала көшелеріне бомба жауды. ♦(ауысп мағ) Falling debris rained on us from above. – Қиранды үстімізге жауды. ♦(ауысп мағ) He covered his face as the blows rained down on him. – Төпелеген соққыдан қорғана ол бетін жапты. ♦(ауысп мағ) ∼ smth (down) (on smb/smth) The volcano erupted, raining hot ash over a wide area. – Вулкан атқылап, кең аймақты ыстық күлмен жапты. 2. (idm) *be raining cats and dogs (informal) нөсер жауып жату, қатты жаңбыр жауып жату *it never rains but it pours (BrE) (NAmE when it rains, it pours) [қ-з: pour (6)] *rain on smb’s parade [қ-з: parade (A6)] 3. (phr v) *be rained off (BrE) (NAmE be rained out) жаңбырға бола болдырмау я тоқтату ♦The game has been rained off again. – Жаңбырға бола ойын тағы да болмады.