raise [reɪz] A.v 1. ∼ smth көтеру, жоғарылату, биіктету, тіктеу (opp: lower 1(1)) ♦She raised the gun and fired. – Ол қаруын кезенді де атты/ атып жіберді. ♦He raised a hand in greeting. – Ол сәлемдей қолын көтерді. ♦She raised her eyes from her work. – Ол жұмысынан жанарын көтерді. ♦∼ smth up He slowly raised his head up. – Ол баяу басын тіктеді. ♦∼ smb/smth/yourself Somehow we managed to raise her to her feet. – Әйтеуір оны аяғына тұрғыздық. ♦He raised himself up on one elbow. – Ол бір шынтақтап денесін көтерді. ♦∼ smb/smth The security man raised the barrier for me. – Күзетші мені өткізу үшін кедергіні көтерді. 2.көтеру, өсіру, ұлғайту, арттыру ♦∼ smth to raise prices/taxes – бағаны/ салықты көтеру/ өсіру ♦We need to raise public awareness of the issue. – Бұл мәселе бойынша қоғамға көп мәлімет таратуымыз керек. ♦How can we raise standards in schools? – Мектеп стандарттарын қалай көтерсек болады? ♦∼ smth to smth They raised their offer to $500. – Олар ұсынысын $500-ға көтерді. ♦I've never heard him even raise his voice. – Оның дауыс көтергенін ешбір естімеппін. 3. ∼ smth ақша жию; адам жию; бірнәрсе алу я құрау ♦We are raising money for charity. – Біз мейірім үшін ақша жиюдамыз. ♦They are holding a quiz to help raise funds for the club. – Олар клубқа ақша жию үшін куиз/ сұрақ-жауап ойынын өткізуде. ♦The event raised over £30 000 for covid research. – Шарада ковид зерттеулері үшін £30 000 жиылды. ♦He set about raising an army. – Ол қол/ әскер жиюға кірісті. 4. ∼ smth мәселе көтеру (syn: broach) ♦The book raises many important questions. – Кітап көптеген маңызды мәселелерді көтереді. ♦I'm glad you raised the subject of money. – Ақша мәселесін көтергеніңізге ризамын. ♦Local residents have raised concerns about late-night noise. – Жергілікті тұрғындар түнгі шу мәселесін көтерді. 5. ∼ smth себепкер болу, туғызу, тб ♦to raise doubts in people’s minds – жұрт көңілінде күмән туғызу/ жұртты шүбәландыру ♦The plans for the new development have raised angry protests from local residents. – Жаңа құрылыс жобасы жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызды. ♦It wasn't an easy audience but he raised a laugh with his joke. – Көрермендер оңай емес еді, алайда ол қалжыңымен оларды күлдіре алды. ♦It had been a difficult day but she managed to raise a smile. – Сол күні қиналса да ол жымиа алды. 6. ∼ smth әрекет ету, істеу ♦She raised the alarm when he failed to return home. – Ол (еркек) үйге оралмағанда ол (әйел) шу көтерді. ♦The horses' hooves raised a cloud of dust. – Аттардың тұяқтарынан шаң көтерілді. 7. (especially NAmE) бағу, өсіру, бағып-қағу, тәрбиелеу ♦∼ smb/smth She raised five children on her own. – Бес баланы ол өзі жалғыз өсірді. ♦They were both raised in the South. – Екеуі де оңтүстікте өскен еді. ♦kids raised on a diet of hamburgers – гамбургерден көз ашпаған балалар ♦∼ smb/smth (as) smth They raised her (as) a Catholic. – Олар оны католик етіп тәрбиеледі. ♦I was born and raised a city boy. – Қалада туып-өстім. 8. ∼ smth (мал, егін, тб) өсіру, бағу ♦Farmers cleared the land in order to raise cattle. – Ірі-қара бағу үшін фермерлер жерді ағаштан тазартты. ♦They raise corn, soybeans and alfalfa on 460 acres. – 460 акр жерге олар жүгері, соя және жоңышқа/ беде егеді. 9. ∼ smth аяқтау, ысыру, жою ♦to raise a blockade/ban/siege – блокаданы/ тыйымды/ әскери қоршауды жою/ алып тастау 10. ∼ smb телефонмен, рациямен хабарласу ♦We managed to raise him on his mobile phone. – Онымен ұялы телефоны арқылы хабарласа алдық. 11. ∼ smb (from smth) тірілту, өмірге оралту (syn: resurrect) ♦Christians believe that God raised Jesus from the dead. – Христиандар Иисусты құдай тірілтті деп сенеді. 12. ∼ smb smth карта ойынында бәсті/ ставканы көтеру ♦I'll raise you another hundred dollars. – Бәсті тағы жүз долларға көтеремін. 13. ∼ smth to the power of smth белгілі бір санның белгілі бір дәрежесі болу, өзіне өзін дәреже бойынша көбейту ♦3 raised to the power of 3 is 27 (= 3 × 3 × 3). – 3-тің 3 дәрежесі 27 (болады). ♦2 raised to the power of 3 is 8. – 2-нің 3 дәрежесі 8. 14. ∼ smth (especially NAmE) салу, тұрғызу ♦Our priority will be to raise a boundary wall and prevent trespassing. – Жиектей қабырға/ дуал тұрғызып, заңсыз жүрулерді тоқтатуымыз керек болады. 15. ∼ smth документпен айналысу; талап қағаз жазу ♦They have been raising a petition against the war. – Олар соғысқа қарсы петиция жазды. 16. (idm) *make smb’s hackles rise | raise smb’s hackles [қ-з: hackles (2)] *not lift/raise a finger/hand (to do smth) [қ-з: lift (А11)] *raise/up the ante талапты я ақшаны ұлғайту ♦His ex-wife has upped the ante in her alimony suit against him. – Алимент бойынша сотта оның бұрынғы әйелі ақшалай талапты ұлғайтты. *raise the bar сапа деңгейін, стандартты, талапты көтеру (opp: lower (1)) ♦The factory has raised the bar on productivity, food safety and quality. – Завод өнімділік, тамақ қауіпсіздігі және сапа бойынша талаптарды күшейтті. ♦The awards go to people who have truly raised the bar. – Сыйлықтар жұмыс сапасын шынайы жақсартқан адамдарға беріледі. ♦Perhaps the new admission requirements raised the bar too high. – Жаңа қабылдау талаптары тым жоғары болар. *raise your eyebrows (at smth) «қасын керу», таңғалу, таңырқау ♦Eyebrows were raised when he arrived without his wife. – Ол әйелінсіз келгенде жұрт таңғалды. *raise your glass (to smb) стакан көтеру, (біреудің денсаулығы, тб үшін) тост айту *raise a/your hand against/to smb біреуге қол көтеру, біреуді ұру я ұрмақ болу *raise hell (informal) қатты наразы болу, қарсы шығу *raise the roof үйді аспанға көтеру, у-шу болу ♦Their cheers raised the roof. – Олар мәре-сәре болып, үйді аспанға көтерді. *raise/lower your sights «жанарын көтеру/ түсіру», талабын жоғарылату/ түсіру ♦If they can’t afford such a big house, they’ll just have to lower their sights a little. – Олардың бұндай үлкен үйге шамасы жетпесе, сәл арзан(ырақ) іздесін. ♦After failing to get into university, he lowered his sights and got a job in a shop. – Университетке түсе алмаған соң, ол ойланып барып дүкенге жұмысқа тұрды. *raise smb’s spirits жігерлендіру, құлшынту (syn: cheer up) ♦The sunny weather raised my spirits a little. – Ашық күн мені бір серпілтіп тастады. *raise/lower the temperature «қызуды көтеру/ басу» ♦His angry refusal to agree raised the temperature of the meeting. – Оның келіспей бұлқан-талқан болуынан жиылған жұрт айтысып кетті. ♦The government tried to lower the political temperature by agreeing to some of the demands. – Кейбір талаптарға келісе отырып үкімет саяси шуды/ дырдуды басқысы келді. 17. (phr v) *raise smth to smb/smth ескерткіш, тб тұрғызу/ орнату ♦The town raised a memorial to those killed in the war. – Қала соғыста қаза тапқандарға арнап ескерткіш орнатты. B.n (NAmE) (BrE rise) еңбекақының/ жалақының өсуі ♦If I asked my boss for a raise he’d fire me. – Бастығыма жалақымды өсір десем, мені жұмыстан шығарады.