rally [ˈræli] A.n 1.митинг, көпшілік жиналыс ♦to attend/hold a rally – митингке қатысу/ митинг өткізу ♦a peace/protest rally – бейбітшілік/ наразылық митингі ♦a mass rally in support of the strike – ереуілді қолдаған үлкен митинг 2.ралли (көліктер жарысы) ♦the Monte Carlo rally – Монте-Карло раллиі ♦rally driving – раллиде машина айдау 3. (теннисте, тб) (ұпай алар алдында) допты ұзақ сермесу, допты ойыннан шығармай тұрып алу ♦That was a great rally! – (Қарсыластар) допты әрі-бері сермеп тұрып алды!/ Бұл керемет сермесу болды! 4. (спортта не қор биржасында) қалықтау, шарықтау, самғау, оңалу (яғни, акциялардың қымбаттауы, спорт командасының қиын кезеңнен соң қайта жақсы ойнай бастауы) (syn: recovery) ♦After a furious late rally, they finally scored. – Ойынның соңына қарай олар күш-жігерін жиып, атойлап, ақыры ұпай алды. ♦a rally in shares on the stock market – қор биржасында акциялардың шарықтауы B.v 1.жұмылып/ жиылып қолдау/ қолдау көрсету; қолдайтын адамдар жию ♦∼ around/behind smb/smth The cabinet rallied behind the Prime Minister. – Кабинет бірлесе премьер-министрді қолдады. ♦∼ to smb/smth Many national newspapers rallied to his support. – Көптеген елдік/ ұлттық газеттер оған қолдау көрсетті. ♦∼ smb/smth They have rallied a great deal of support for their campaign. – Олар өз науқанына/ кампаниясына өте көп қолдау жия алды. ♦The country hastily rallied its defences. – Ел асығыс өз қорғанысын бүтіндей бастады. ♦∼ smb/smth around/behind/to smth The president must rally the country around a clear and credible goal. – Президент елді айқын әрі нақты іске жұмылдыруы керек. 2.оңалу, жақсару (syn: recover) ♦He gradually rallied after the operation. – Операциядан соң ол бірте-бірте оңалды. ♦The champion rallied to win the second set 6-3. – Чемпион ойынын түзеп, екінші сетті 6-3 есебімен ұтты. 3. (finance) (акция құны, валюта курсы, тб ж) оңалу, түзелу, жақсару (syn: recover) ♦The company's shares had rallied slightly by the close of trading. – Компания акциялары сауда жабылар алдында аздап оңалды. ♦The pound rallied against the dollar. – Фунт долларға шаққанда өсті. 4. (phr v) *rally around | rally around smb (also especially BrE rally round, rally round smb) бірлесе/ жұмыла көмекке келу/ қол ұшын беру ♦Everyone rallied around and offered to help. – Кім де болсын қайырылып, көмек ұсынды. ♦Neighbours rallied around and alerted the emergency services. – Көршілер көмекке келіп, төтенше қызметті шақырды.