ram

ram [ræm] A.v 1. ∼ smth көлікпен/ кемемен басқа көлікті/ кемені соғу ♦Two passengers were injured when their taxi was rammed from behind by a bus. –Артынан автобус келіп соққанда таксидегі екі жолаушы жарақаттанды. 2. ∼ smth күштеп итеру ♦She rammed the key into the lock. – Ол кілтті құлыпқа сұғып келіп жіберді. ♦(figurative) The spending cuts had been rammed through Congress. – Шығындарды азайтуды Конгресс арқылы өткізді. 3. (idm) *force/thrust/ram smth down smb’s throat (informal) (пікірін, тб біреуге) тықпалау, күштеп таңу, кеңірдектеу ♦People are sick of having advertising rammed down their throats. – Жұрт жарнаманың/ рекламаның алқымдауынан шаршап болды/ ығыры шықты. *ram smth home (especially BrE) нығарлай айту ♦The ads are intended to ram home the dangers of driving too fast in fog. – Жарнамалар тұманда қатты айдағанның қауіпті екенін нығарлай ұқтырады. 4. (phr v) *ram into smth | ram smth into smth күшпен соғу/ ұру He rammed his truck into the back of the one in front. – Ол өз жүк көлігін алдындағы біреудің артынан барып соқты. B.n 1.қошқар 2.цилиндр; (кран сияқты) көтергіш ♦hydraulic rams – гидравликалық цилиндрлер

RAM [ræm] n random-access memory еркін жад (оперативная память, память с произвольным доступом) (өзгертуге, жоюға не айналысуға болатын жад) ♦16 gigabytes of RAM – 16 гигабайттық еркін жад/ RAM