ramble [ˈræmbl] A.v 1. (especially BrE) (жаяу) серуендеу, қыдыру ♦We spent the summer rambling in Ireland. – Жазды Ирландияда серундеумен өткіздік. ♦You can ramble through some beautiful countryside in the area. – Бұл тұста кейбір әдемі жерлермен жүріп қыдырса болады. 2.гәңгірлеу, ұзақ әрі бұтып-шатып сөйлеу, үздік-создық сөйлеу ♦He had lost track of what he was saying and began to ramble. – Ол өз әңгімесінен жаңылып, бұтып-шата бастады. ♦∼ (on) (about smb/smth) What is she rambling on about now? – Ол не деп гәңгірлеп отыр? 3. (өсімдіктер ж) жан-жаққа тарай өсу, шашырай/ жайыла өсу ♦Climbing plants rambled over the front of the house. – Шырмала өскен өсімдіктер үйдің алдына жайылып кетіпті. B.n 1. (especially BrE) ұзақ жаяу серуен/ қыдырыс ♦to go for a ramble in the country – ауылды жерге серуенге бару ♦We went for a ramble over the moors. – Біз саздаққа/ саздауытқа барып араладық. 2.ұзақ бұтып-шатып/ үздік-создық сөйлеу, гәңгір(леу) ♦She went into a long ramble about the evils of television. – Ол телевизияның жаман жақтары туралы сөйлеп тұрып алды.