ramp [ræmp] A.n 1. (жолдың, соқпақтың, тб биік және аласа бөліктерін қосатын) еңкіш, пандус, рампа ♦Ramps should be provided for wheelchair users. – Арбада отыратындар үшін еңкіштер/ пандустар қамдалуы керек. 2. (NAmE) (BrE slip road) (күре жолға не одан шығатын) шағын жол ♦a freeway exit ramp – күре жол шығысы 3. (көлікке жүк тиеу не одан жүк түсіру, самолетке міну не одан түсу үшін пайдаланылатын) жылжымалы еңкіш/ пандус/ рампа ♦a loading ramp – жүк тиеу пандусы/ еңкіші B.v (phr v) *ramp smth up көбейту, ұлғайту ♦The company quickly ramped up production to meet the demand. – Сұранысты толтыру үшін компания тез арада өндірісті ұлғайтты.