rampage A.n [ˈræmpeɪdʒ] бұзақылық, долылық, бүлік ♦Gangs of youths went on the rampage in the city yesterday. – Бірнеше топ жас кеше қала орталығының астаң-кестеңін шығарды. A state of emergency was declared following overnight rampages by student demonstrators. – Түндегі демонстрацияға шыққан студенттердің бұзақылығынан соң төтенше жағдай жарияланды. B.v [ræmˈpeɪdʒ; ˈræmpeɪdʒ] бұза-жара қозғалу, жан ұшыра қозғалу, дүркіреу, өршелену, өршу (syn: run amok) ♦Several thousand demonstrators rampaged through the centre of the city. – Бірнеше мың демонстрант қаланың ортасын астаң-кестең етті. a herd of rampaging elephants – дүркірей қозғалған піл үйірі