range [reɪndʒ] A.n 1.ауқым; мөлшер; шама; әртүрлілік, түрлілік, бірқатар/ біршама нәрселер ♦∼ of smth The hotel offers a wide range of facilities. – Қонақ үйде көптеген жайлар бар. ♦Librarians need a broad range of skills. – Кітапханашылардың бірқатар нәрседен білімі болуы керек. ♦There is a full range of activities for children. – Бұнда балалар үшін көптеген үйірме бар. ♦This material is available in a huge range of colours. – Бұл материалдың өте көп түсі/ реңкі бар. ♦a narrow/limited range of options – мүмкіндіктердің аздығы ♦Voters support parties for a whole range of reasons. – Сайлаушылар партияларды көптеген себептерге байланысты қолдайды. ♦The textbook covers a wide range of topics. – Бұл оқулық көптеген тақырыпты қамтиды. ♦across a ∼ Employees across a range of occupations were surveyed. – Әртүрлі саладағы қызметкерлерді шолды. ♦over a ∼ We have reached agreement over a range of issues. – Бірқатар мәселелерде келісімге келдік. 2. ∼ (of smth) белгілі бір өнімдер жиынтығы ♦our new range of hair products – шашқа арналған өнімдеріміздің жаңа жинағы ♦We are looking to expand our product range. – Өнімдеріміздің санын арттырғымыз келеді. 3.аралық, шек; айырма ♦in a ∼ Most of the students are in the 17-20 age range. – Студенттердің көбі 17-20 жас аралығында. ♦It's difficult to find a house in our price range. – Бұл ақшамызға үй табу қиын. ♦in the ∼ of smth There will be an increase in the range of 0 to 3 per cent. – 3 процентке дейін артпақ. ♦within a ∼ Prices vary only within a narrow range. – Бағалардың айырмасы өте аз. ♦outside a ∼ This was outside the range of his experience. – Ол мұндай нәрсені жолықтырмапты. ♦beyond a ∼ This car is beyond the range of most people's pockets. – Бұл машинаны көп адамның қалтасы көтермейді. 4.шек, шама, ауқым (білімнің, қабілеттің) ♦I think she has quite a limited range as an actor. – Актриса ретінде оның қабілеті шамалы ғана. ♦∼ of smth The range of his knowledge is impressive. – Оның білімінің ауқымы тамсандырады. 5. ∼ (of smth) қашықтық, ауқым ♦The child was now out of her range of vision. – Оның көзі жететін жерден бала енді тыста еді. ♦These missiles have a range of 300 miles. – Бұл ракеталардың ауқымы 300 миль. 6.тізбек, шоғыр ♦the great mountain range of the Alps – Альпі тауының аса ірі тізбегі 7.атып жаттығу орны; бомба, тб сынақ алаңы ♦a shooting range - атып жаттығу орны ♦A device was exploded at the main nuclear testing range. – Қаруды басты ядролық полигонда сынады. 8.ошақ, пеш 9. (NAmE) (also stove, BrE also cooker) газ плита, электроплита, газ пеш ♦Cook the meat on a low heat on top of the range. – Етті плитаның үстінде аз жалынға пісір. ♦Many chefs prefer to cook on a gas rather than an electric range. – Аспаздардың көбісі/ көбі электр плитадан гөрі газ плитаны қалайды. 10. the ∼ (NAmE) мал ұстау үшін қоршаған жер, малға арналған қоршау 11. (idm) *at/from close range жақын маңнан/ тұстан/ жерден/ қашықтықтан ♦The president was shot at close range. – Президентті жақын тұстан атқан. ♦She scored from close range. – Ол жақын тұстан ұпай алды. *in/within range (of smth) маңайдағы, жақын тұстағы/ жердегі ♦He shouted angrily at anyone within range. – Ол маңайдағының бәріне ашулана ақырды. *out of range (of smth) алыс, көрінбейтін, естімейтін я жетпейтін жерде ♦The cat stayed well out of range of the children. – Мысық балалар жете алмайтын жерде болды. ♦She hid away in her house, out of range of prying eyes. – Ол сұғанақ көздерден алыс, үйінде тығылды. ♦Don't shoot yet - he's still out of range. – Әлі атпа – ол әлі алыста. ♦I listened, but the voices were just out of hearing range. – Тың тыңдадым, алайда дауыстар алыс тұста еді. B.v 1.белгілі бір шекте/ аралықта болу ♦∼ from A to B Accommodation ranges from tourist class to luxury hotels. – Қонақ үйлер турист кластан қымбат мейманханалар аралығында. ♦prices ranging from €25 to €60 - €25-тен €60 аралығындағы бағалар ♦∼ in smth His four daughters range in age from 9 to 15. – Оның төрт қызының жасы 9 бен 15 аралығында. ♦The apartments range in size from 61 to 86 square metres. – Пәтерлердің көлемі 61 мен 86 шаршы метр аралығында. ♦∼ between A and B Estimates of the damage range between $1 million and $5 million. – Зиян көлемі $1 миллионнан $5 миллионға дейін дейді. 2.түрлі нәрсені қамту ♦∼ from A to B She has had a number of different jobs, ranging from chef to swimming instructor. – Ол аспаздан бастап жүзу инструкторына дейін талай жұмыс істеген. ♦The conversation ranged widely. – Талай нәрсе әңгімеленді. 3. ∼ smb/smth/yourself (formal) белгілі бір ретте болу/ орналасу ♦The delegates ranged themselves around the table. – Делегаттар столды айнала орналасты. ♦Spectators were ranged along the whole route of the procession. – Көрермендер шерудің екі жағын бойлай орналасты. 4.кезу, әрі-бері қозғалу/ жүру ♦He ranges far and wide in search of inspiration for his paintings. – Ол картиналарына шабыт іздеп әрлі-берлі кезеді. ♦∼ smth Her eyes ranged the room. – Көздері бөлме ішін кезді. ♦Cattle ranged over the pastures in search of food. – Ірі-қара мал азық іздеп жайылымды кезді. 5. (phr v) *range yourself/smb against/with smb/smth біреулерге қосылу ♦He ranged himself with the reformers. – Ол реформаторларға қосылды. ♦The whole family seemed ranged against him. – Бүткіл үй-іші (оның) өзіне қарсы шыққандай көрінді. *range over smth қамту ♦His lecture ranged over a number of topics. – Лекциясы көптеген тақырыпты қамтыды.