rank [ræŋk] A.n 1. (қызметтегі я әлеуметтік) дәреже, мәртебе, деңгей ♦She was not used to mixing with people of high social rank. – Ол әлеуметтік дәрежесі жоғары адамдармен араласып үйренбеген. ♦He rose through the ranks to become managing director. – Ол қарапайым қызметкерден басқарушы директор деңгейіне дейін өсті. ♦Within months she was elevated to ministerial rank. – Бірнеше ай ішінде ол министр деңгейіне дейін өсті. ♦in rank Promotion will mean that I’m immediately above him in rank. – Қызметім өссе одан бір саты жоғарылаймын. ♦∼ of smth Barons are the lowest rank of the nobility. – Ақсүйектер аарасында барондар ең төменгі дәрежеде. 2. (әскердегі, полициядағы, тб) шен, дәреже ♦∼ of smth He was soon promoted to the rank of captain. – Көп ұзамай ол капитан болды/ капитан шенін алды. ♦He rose steadily through the ranks and retired as a lieutenant-colonel. – Ол қызметінде бірқалыпты өсіп, подполковник шенінде отставкаға кетті. ♦officers of junior/senior rank – төменгі/ жоғары шенді офицерлер ♦officers and other ranks – офицерлер мен офицер еместер ♦The colonel was stripped of his rank. – Полковникті шенінен айырды. ♦in ∼ a military commander similar in rank to a modern general – қазіргі генерал шеніне сай келетін әскери қолбасшы 3. the ∼s офицер емес әскери қызметкерлер; армия, әскер ♦He served in the ranks for most of the war. – Ол соғыстың көп бөлігінде армияда қызмет етті. ♦He rose from the ranks to become a warrant officer. – Ол қарапайым жауынгерден прапорщик деңгейіне дейін өсті. ♦a campaign to attract more women into the military ranks – әйелдерді әскерге көбірек тарту науқаны 4.дәреже, деңгей ♦a painter of the first rank – аса танымал суретші ♦Britain is no longer in the front rank of world powers. – Британия енді әлемдік державалардың алдыңғы сабында емес. ♦to arrange in rank order – сапасына/ дірежесіне қарай қою/ тізу 5. the ∼s топ/ ұйым мүшелері; сап, қатар ♦We have a number of international players in our ranks. – Қатарымызда бірнеше халықаралық ойыншы бар. ♦At 50, he was forced to join the ranks of the unemployed. – Елуінде жұмыссыздар қатарына қосылуға мәжбүр болды. ♦There were serious divisions within the party's own ranks. – Партияның өз ішінде айтарлықтай алауыздықтар болды. 6.сап, қатар (жауынгерлердің, полицейлердің, тб) ♦They watched as ranks of marching infantry passed the window. – Қарыштай басқан/ Маршпен өткен жаяу әскерге олар терезеден қарады. ♦They fired at random into the enemy ranks. – Олар жау әскеріне оқ атты. 7.тізбек, қатар ♦massed ranks of spectators – құжынаған көрермендер тізбегі ♦The trees grew in serried ranks. – Ағаштар тығыз, тізіле өскен. 8. (statistics) сан, цифр, көрсеткіш 9. (idm) *break ranks a) (полиция, әскерилер ж) сапты бұзу, саптан шығу ♦The police broke ranks and started hitting people with their batons. – Полиция өз сабын бұзып, жұртты таяқтай бастады. b) өз тобын я ұйымын қолдамау, қарсы шығу ♦Large numbers of MPs felt compelled to break ranks over the issue. – Депутаттардың ірі бөлігі осы мәселе бойынша өз фракциясына қарсы шығуға мәжбүр болды. ♦He broke ranks with his fellow Republicans and opposed the war. – Ол республикашылдардың сабын бұзып, соғысқа қарсы шықты. *close ranks a) жұмылу, бірлесу, бірін-бірі қолдау/ қорғау ♦It's not unusual for the police to close ranks when one of their officers is being investigated. – (Арасындағы) біреуі тергеуге алынса, басқа полицейлердің бірін-бірі қолдауы қалыпты нәрсе. b) (солдаттар ж) жұмылу, бірлесе қорғану *pull rank (on smb) өз қызметін/ дәрежесін пайдалана отырып біреуге айтқанын істету B.v 1.дәрежесіне/ деңгейіне/ сапасына/ маңызына қарай бөлу/ орналастыру/ қою/ реттеу ♦∼ smb/smth In most Australian elections, electors are required to rank all candidates. – Австралиядағы көптеген сайлауларда сайлаушылар барлық кандидатты дәрежелеуге (өзінің қалауы бойынша тізуге) міндетті. ♦∼ smb/smth The tasks have been ranked in order of difficulty. – Тапсырмалар қиындығына қарай тізілген. ♦She is currently the highest ranked player in the world. – Қазір ол әлемдегі ең жоғары дәрежелі ойыншы. ♦top-ranked players – жоғары деңгейлі ойыншылар ♦∼ smb/smth as smth Forty-five per cent of respondents ranked health as their number one priority. – Сауалға жауап бергендердің қырық бес проценті денсаулықты ең басты мәселе деп атады. ♦∼ smb/smth as doing smth Voters regularly rank education as being more important than defence. – Сайлаушылар ылғи да білім саласын қорғаныстан жоғары қояды. ♦The restaurant ranks among the finest in town. – Бұл ресторан қаладағы ең тамашаларының бірі. ♦This must rank with the greatest movies ever made. – Бұл ең мықты фильмдер санатына қосылуы тиіс. ♦(NAmE) You just don't rank. – Шамаң жетпей тұр. 2. ∼ smth (қатарға, тізбекке, тізімге, тб) тізу C.adj 1.сасыған, сасық, иісі жаман ♦The house was full of the rank smell of urine. – Үйден дәрет иісі шығып кетіпті. 2. (informal) өте жайсыз ♦I think the whole situation's pretty rank. – Бұл жағдай біршама жаман деп ойлаймын. 3.нағыз, дәп ♦an example of rank stupidity/hypocrisy – нағыз ақымақтықтың/ екіжүзділіктің мысалы ♦The winning horse was a rank outsider. – Жеңген ат нағыз шабан еді. ♦She made the other players look like rank amateurs. – Басқа ойыншылар оның шаңына да ілесе алмай қалды. 4. (өсімдіктер ж) қалың/ сіресе өскен ♦an area overgrown with rank grass and nettles – шөп пен қалақай қаулай өскен тұс