rate [reɪt] A.n 1.мөлшер; көлем; деңгей ♦∼ (of smth) Figures published today show another fall in the rate of inflation. – Бүгін жарияланған сандар инфляция деңгейінің тағы да түскенін көрсетеді. ♦at a/the ∼ of smth Most people walk at an average rate of five kilometres an hour. – Адамдардың көбі шамамен сағатына бес км жүреді. ♦at a… ∼ The number of reported crimes is increasing at an alarming rate. – (Мәлім болған) қылмыс деңгейі сұмдық өсуде. ♦∼ (that)… At the rate you work, you'll never finish! – Бұлай істесең ешқашан бітпейсің! ♦a crime rate – қылмыс деңгейі ♦a high success/failure rate – жоғары табыстылық/ сәтсіздік деңгейі ♦the youth unemployment rate – жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі ♦His pulse rate dropped suddenly. – Оның пульсі/ тамыр соғысы күрт төмендеді. ♦∼ of smth a high/low/rising rate of unemployment – жұмыссыздықтың жоғары/ төмен/ өсіп отырғн деңгейі ♦at a/the∼ of smth Local businesses are closing at the rate of three a year. – Жылына үш жергілікті кәсіпорын жабылады. 2.баға, құн, төлем; курс; мөлшер; деңгей ♦advertising/insurance/postal rates – жарнамалау/ сақтандыру/ почта қызметі құны ♦A rise in interest rates tends to reduce inflation. – Орталық банк ставкасының өсуі инфляцияның азаюына әсер етеді. ♦The euro exchange rate is strengthening. – Евроның курсы өсуде. ♦a tax rate – салық мөлшері/ деңгейі ♦We offer special reduced rates for students. – Студенттер үшін арзандаған баға ұсынамыз. ♦to cut/reduce/increase/raise interest rates – банк проценттік ставкасын кесу/ азайту/ ұлғайту/ көтеру ♦∼ of smth a low/high hourly rate of pay – әр сағаттық жоғары/ төмен еңбекақы мөлшері ♦the basic rate of tax – салықтың бастапқы деңгейі ♦at a ∼ (of smth) We had to borrow money at a high rate of interest. – Жоғары проценттік ставка бойынша қарыз алуға мәжбүр болдық. ♦a fixed-rate mortgage - аннуитет ипотека төлемі (ипотека бойынша тұрақты төлем) ♦a premium-rate phone number – қымбат телефон номері (м.: арнайы қызмет көрсететін телефондық номер – бұған телефон шалғанда қымбат тариф алынады) 3. ∼s (also business ∼s) (кәсіпорындар төлейтін) жылжымайтын мүлік салығы 4. (idm) *at any rate (informal) қайткенде де, не болса да, әйтеуір ♦Well, that's one good piece of news at any rate. – Жә, не болса да бұл бір жақсы хабар екен. ♦I may be away on business next week but at any rate I'll be back by Friday. – Келесі аптада іссапарда болатын шығармын, әйтеуір жұма күні орнымда боламын. ♦He said he'll be coming tomorrow. At any rate, I think that's what he said. – Ол ертең келемін деді. Әйтеуір өстіп айтты. ♦There were maybe 60 or 70 people there. At any rate, the room was packed. – Онда 60 не 70 адам болған шығар. Әйтеуір, бөлмеге лық толды. *at a rate of knots (BrE, informal) шапшаң, лезде, өте тез ♦Jack’s getting through the ironing at a rate of knots! – Джәк өте тез үтіктеуде! *at this/that rate (informal) бұл қарқынмен, бұлай бола берсе ♦At this rate, we'll soon be bankrupt. – Бүйте берсе, көп ұзамай банкрот боламыз. *the going rate (for smth) қалыпты/ әдеткі баға/ құн ♦They pay slightly more than the going rate. – Олар қалыпты бағадан сәл көбірек төлейді. B.v 1. (ойша сапасын, құнын) бағалау, баға беру ♦∼ smb/smth The university is highly rated for its research. – Университет зерттеулері үшін өте жоғары бағаланады. ♦They rated him highly as a colleague. – Олар әріптес ретінде оны жоғары бағалады. ♦∼ smb/smth Voters continue to rate education high on their list of priorities. – Өздеріне қажет нәрселердің арасында сайлаушылар білім саласын бірінші орынға қоюда. ♦∼ smb/smth (as) smth The show was rated (as) a success by critics and audiences. – Шоуды сыншылар мен көрермендер табысты деп бағалады. ♦∼ as smth The match rated as one of their worst defeats. – Бұл матч олардың сұмдық жеңілістерінің бірі деп бағаланды. ♦I'm afraid our needs do not rate very high with this administration. – Біздің мұқтаждықтарымызға бұл әкімшілік пәлендей көңіл бөле қоймас-ау. 2. ∼ smth (informal) (біреу/ бірн-е жайлы) жақсы ойлау, жақсы бағалау ♦What did you think of the movie? I didn't rate it myself. – Кино жайлы не ойлайсың? Маған ғой ұнай қоймады. ♦How did you rate her speech? – Ол қалай сөйледі деп ойлайсың? 3.бағалау, орын беру (syn: rank) ♦be ∼d The schools were rated according to their exam results. – Мектептерді емтихан нәтижелері бойынша бағалайды. ♦The difficulty of each exercise is rated on a scale of 1 to 5. – Әр жаттығудың қиындығы 1 мен 5-тің арасында бағаланады. ♦It's a chance to watch six top-rated players. – Бұл үздік деген алты ойыншыны тамашалау мүмкіндігі. ♦∼ smb/smth Users can rate the quality of advice from one to five stars. –Пайдаланушылар ақыл-кеңес сапасына 1 мен 5 жұлдыз аралығында баға бере алады. ♦be ∼d She is currently rated number two in the world. – Қазір ол әлемде екінші орында. 4. ∼ smth маңызды, тб болу (syn: merit) ♦The incident didn't even rate a mention in the press. – Оқиға жайлы баспасөз жазбады да. ♦Her death only rated a few lines in the local paper. – Оның өлімі жайлы жергілікті баспасөз бірнеше жол ғана жазды. 5.фильм я видео белгілі бір жастағы көрермендерге лайықты деп бағалау ♦be ∼d The cartoon was rated PG. – Мультфильмді ата-ананың жөн сілтеуі қажет деп бағалады.