rather A.adv [ˈrɑːðə(r)] 1.біршама, аздап, әжептәуір, кәдімгідей, бірталай ♦rather odd/strange/unusual – аздап оғаш/ біртүрлі/ бірқызық ♦a rather large sum of money – біршама көп ақша ♦A rather small number of people turned up. – Кісі(лер) біршама аз келді. ♦They took a rather different approach. – Олар аздап/ біршама басқаша қимылдады. ♦I thought it was a rather good idea. – Бұны біршама дұрыс ой/ идея деп ойладым. ♦The instructions were rather complicated. – Нұсқаулар біршама күрделі. ♦She fell and hurt her leg rather badly. – Ол құлап, үстін кәдімгідей ауыртып алды. ♦I didn't fail the exam; in fact I did rather well! – Емтиханнан құлаған жоқпын; расында кәдімгідей жақсы тапсырдым! ♦It was a rather difficult question. – Бұл бір біршама қиын сұрақ болды. ♦It was rather a difficult question. – Бұл бір біршама қиын сұрақ болды. ♦He looks rather like his father. – Ол біршама әкесіне тартыпты. 2.аздап, біршама ♦I've always rather liked Charlie. – Чарлиді ылғи тәуір көрдім. ♦I rather suspect we're making a mistake. – Осы біз қателесіп жатқан жоқпыз ба деп ойлаймын/ күмәнданамын. ♦We were rather hoping you'd be able to do it by Friday. – Біз сені бұны жұма күнге қарай тындырады-ау деп жүргенбіз. 3.дәл(ірек) айтқанда/ айтса ♦She worked as a secretary, or rather, a personal assistant. – Ол секретарша, дәлірек айтқанда, жеке көмекші болып істеді. ♦In the end he had to walk - or rather run - to the office. – Соңында оның офиске дейін жаяу жүруіне, дәлірек айтса, жүгіруіне тура келді. 4. дәл(ірек) айтқанда/ айтса, керісінше ♦The walls were not white, but rather a sort of dirty grey. – Қабырғалар ақ емес, дәлірек айтса, лас сұр еді. ♦The problem is not in the whole system, but rather in one small part. – Проблема бүткіл жүйеде емес, дәл айтса, бір кіші бөлігінде. 5. (idm) *rather than гөрі, өйткенше, бүйткенше, бірнәрсенің орнына, керісінше ♦I think I'll have a cold drink rather than coffee. – Кофеден гөрі салқын сусын ішкенім жөн болар. ♦Why didn't you ask for help, rather than trying to do it on your own? – Бұны өзің тындырмақ болғанша неге көмек сұрамадың? *rather you, him, etc. than me (informal) сен, ол, тб менсіз-ақ істеңдер, тсс ♦‘I'm going climbing tomorrow.’ ‘Rather you than me!’ – «Ертең тауға шықпақпын». «Менсіз-ақ жүре бер!» *would rather… (than) (көбінесе ’d rather деп қысқарған түрінде жазылады) (өйткеннен) гөрі, өйткенше, тб ♦She'd rather die than give a speech. – Ол өліп бара жатса да сөз сөйлемейді. ♦‘Do you want to come with us?’ ‘No, I'd rather not.’ – «Бізбен жүргің келе(ді) ме?» «Жоқ, қалғаным дұрыс болар». ♦Would you rather walk or take the bus? – Жаяу жүргің келе ме, жоқ автобуспен барғың келе ме? ♦‘Do you mind if I smoke?’ ‘Well, I'd rather you didn't.’ – «Темекі тартсам бола ма?» «Тартпағаның дұрыс-ау». ♦Personally, I'd rather see the money and resources going into education. – Жеке басым, ақша мен ресурстардың білім саласына кеткенін қалаймын. ♦I'd rather have a simple product that actually works than something fancy that's just not reliable. – Қымбат, сенімсіз бір нәрседен гөрі, нақты жұмыс істейтін қарапайым бір зат алмаймын ба. B.exclamation [ˌrɑːˈðɜː(r)] (BrE, old-fashioned) болады, дұрыс ♦‘How about a trip to the beach?’ ‘Rather!’ – «Пляжға барсақ қалай болады?» «Дұрыс!»