reach [riːtʃ] A.v 1. ∼ smth/smb (келіп) жету ♦They didn't reach the border until after dark. – Қас қарайғанша олар шекараға жетпеді. ♦The beach can only be reached by boat. – Пляжға тек қайықпен жетуге болады. ♦I hope this letter reaches you. – Бұл хат саған тиер деп үміттенемін. ♦We finally reached our destination. – Ақыры барар жерімізге жеттік. 2. ∼ smb біреудің назарына ілігу, біреуге жету ♦The rumours eventually reached the President. – Әңгіме ақыры президентке жетті. 3. ∼ smth (белгілі бір деңгейге, тб) жету ♦The conflict has now reached a new level of intensity. – Жанжал тіптен ушығып кетті. ♦Daytime temperatures can reach 40°C. – Күндізгі температура 40°C-қа жетуі мүмкін. ♦Her popularity reached its peak in the late 1990s. – 1990 жж аяғында оның атағы шарықтау шегіне жетті. 4. ∼ smth (кезеңге, деңгейге, тб) жету, келу ♦We have a good chance of reaching the final. – Финалға жете алатын жақсы мүмкіндігіміз бар. ♦His parents have not yet reached retirement age. – Ата-анасы пенсия жасына әлі жетпеді. ♦The problem has now reached crisis point. – Проблема дағдарыс/ кризис нүктесіне жетті. 5. ∼ smth (мақсатқа, тб) жету, келу (syn: arrive at) ♦Politicians again failed to reach an agreement. – Саясаткерлер тағы да келісімге келе алмады. ♦The two men reached the same conclusion. – Екі адам бірдей қорытындыға келді. 6. (қолын) жеткізу ♦She reached inside her bag for a pen. – Ол сумкасынан қалам алды. ♦I reached out to pat the dog. – Қолымды созып итті сипаладым. ♦He reached into his pocket and pulled out his phone. – Қолын қалтасына салып, телефон алды. ♦‘Grab the end of the rope.’ ‘I can't reach that far!’ – «Арқанның ұшын ұста». «Қолым жетпейді!» ♦I can't reach the top shelf. – Сөренің үстіне қолым жетпейді. ♦∼ smth (down) for smb Can you reach that box down for me? – Ана жәшікті маған төменге алып бересің бе? ♦∼ smb (down) smth Can you reach me down that box? – Ана жәшікті маған төменге алып бересің бе? 7. (ұзындығы) жету ♦The carpet only reached halfway across the room. – Кілем бөлменің ортасына дейін ғана жетті. ♦His hair reached down to the middle of his back. – Шашы арқасының ортасына дейін жетті. ♦∼ smth Is the cable long enough to reach the socket? – Кабель розеткаға жете ме? ¨Her skirt almost reached the ground. – Юбкасы жерге тиер-тимес болды. 8. ∼ smb телефонмен хабарласу/ жету ♦Do you know where I can reach him? – Онымен қалай хабарлассам екен, айтшы? ♦You can reach me at this number. – Маған осы номерге звондасаң(ыз) болады. 9. ∼ smb байланысу, хабарласу ♦Through the internet we are able to reach a wider audience. – Интернет арқылы көптеген адамдармен байланыса аламыз. 10. (idm) *smth comes to/reaches smb’s ears (әңгіме, өсек ж) біреудің құлағына жету ♦News of his affair eventually reached her ears. – Оның (еркектің) теріс жүрістері ақыры оның (әйелдің) құлағына жетті. *reach for the stars бір мақсатқа жетем деп жанталасу/ тыраштану 11. (phr v) *reach out (to smb) қарым-қатынас орнату, араласу, тіл табысу; байланысу ♦The church needs to find new ways of reaching out to young people. – Шіркеудің жастармен тіл табысатын жаңа жол іздеуі керек. ♦She was a great one for reaching out and helping people. – Ол кісілермен тіл табысып, оларға көмектесуге шебер еді. ♦If you have any questions or concerns, please reach out to us at this email address: … - Сұрақтарыңыз, тілектеріңіз болса келесі имейл адреске жазыңыз. B.n 1.қол жететін жер/ қашықтық ♦beyond smb's ∼ The shot was well beyond the reach of the goalkeeper. – Тебілген допқа қақпашы мүлде жетпеді. ♦out of smb's ∼ Keep all medicines out of reach of children. – Дәрі-дәрмектің бәрін балалардың қолы жетпейтін жерге қой. ♦It's a book I like to keep within arm's reach. – Мына кітапты жақын жерде ұстағым келеді. 2.таралу/ өрістеу шегі, өріс, таралым ♦The brand now has global reach. – Бұл брәнд енді әлемге тараған. ♦The business aims to extend its reach into the North American market. – Кәсіпорынның/ Бизнестің Солтүстік Америка рыногына өрістемек ойы бар. ♦The company has now overtaken its main rival in terms of size and reach. – Компания өзінің негізгі бәсекелесін көлемі мен өрісі (таралуы) жағынан басып озды. ♦∼ smb/smth's reach Such matters are beyond the reach of the law. – Бұндай мәселелер заңда қаралмаған. 3. (су, өзен ж) бөлік, ағыс ♦the upper/lower reaches of the Nile – Нілдің жоғарғы/ төменгі ағысы 4. ∼es; the outer, further, etc. ∼ of smth шет, жиек, алыс тұс ♦the outer reaches of space – ғарыштың/ космостың алыс тұстары ♦the eastern reaches of the continent – құрлықтың/ континенттің шығыс шеті ♦(figurative) an exploration of the deepest reaches of the human mind – адам санасының терең түкпірін зерттеу 5. ∼es; the higher, lower, etc. reach of smth бірнәрсенің жоғары, төмен, тб бөлігі ♦There are still few women in the upper reaches of the civil service. – Мемлекеттік қызметтің жоғарғы бөлігінде әлі де әйелдер аз. ♦Many clubs in the lower reaches of the league are in financial difficulty. – Лиганың төменгі тұсындағы көптеген клубтар қаржыдан тарығуда. 6. (idm) *within (easy) reach (of smth) қол жететін жерде, жақын жерде/ тұста/ маңда ♦The house is within easy reach of schools and sports facilities. – Үй мектептер мен спорт жайларына жақын орналасқан. ♦Verona and Padua are both within easy reach for day trips. – Верона мен Падуаны бір күнде аралап шығуға болады. ♦a holiday town within reach of Marseilles – Марсельге жақын маңдағы курорт кенті