react [riˈækt] v 1.жауап ретінде әрекет ету, жауап қату ♦I nudged her but she didn't react. – Оны шынтағыммен түртіп едім, былқ етпеді. ♦You never know how he is going to react. – Одан не күтуге болатынын адам біліп болмайды./ Одан не күтеріңді білмейсің. ♦He would have reacted in the same way. – Ол да өстір/ осылай етер еді. ♦∼ to smth Local residents have reacted angrily to the news. – Хабар жергілікті тұрғындардың ызасын келтірді. ♦∼ by doing smth The market reacted by falling a further two points. – Осының әсерінен рынок тағы екі пункт түсті. 2.әсер ету, (денесі) жауап қату, көтеру я көтермеу (дененің) ♦∼ Some patients may react adversely. – Кейбір пациенттерге кері әсер етуі мүмкін. ♦∼ to smth People can react badly to certain food additives. – Кейбір тамақ қосымшалары кісілерге нашар әсер етуі мүмкін/ қосымшаларын кісілер көтере алмауы мүмкін. ♦People react differently to these drugs. – Бұл дәрілер кісілерге түрліше әсер етеді. 3. (chemistry) реакцияға түсу ♦Silicon reacts chemically like carbon. – Кремний/ Силикон көміртегі сияқты реакцияға түседі. ♦∼ with smth Iron reacts with water and air to produce rust. – Темір су және ауамен реакцияға түсіп, тот/ дат түзеді. ♦∼ together When an acid and an alkali react together the result is a salt and water. – Қышқыл мен сілті реакцияға түскенде, тұз бен су түзіледі. 4. (phr v) *react against smb/smth жақтырмау, жаратпау, қарсы шығу ♦He reacted strongly against the artistic conventions of his time. – Ол өз заманындағы өнер дәстүрлерін жақтырмады. ♦Many young people react against traditional values. – Көптеген жас қалыптасқан салт-дәстүрді жақтырмайды.