read [riːd] A.v (pt, pp read [red]) 1. (кітап, тб) оқу ♦She's still learning to read. – Ол әлі оқып үйренуде./ Қалай оқуды ол әлі үйренуде. ♦Some children can read and write before they go to school. – Кейбір балалар мектепке бармай жатып оқи, жаза алады. ♦I can't read your writing. – Сенің қолыңды (жазуыңды) оқи алмаймын. ♦I'm going to go to bed and read. – Төсекке жатып оқимын/ оқымақпын. ♦The book is very easy to read. – Кітапты оқу өте жеңіл. ♦I didn't have time to read the novel. – Романды оқуға уақтым болмады. ♦I just finished reading your recent article. – Жақындағы мақалаң(ыз)ды енді ғана оқып болдым. ♦She read us a story. – Ол бізге әңгіме оқыды.2.оқу, оқып білу/ түсіну ♦∼ about/of smth (in smth) I read about the accident in the local paper. – Әлгі оқиға жайлы жергілікті газеттен оқыдым. ♦∼ that… I read that he had resigned. – Оның қызметінен кеткені жайлы оқыдым. ♦I read somewhere that women are starting companies at record rates. – Бір жерден әйелдердің бұрын-соңды болмаған деңгейде компания ашып жатқанын оқыдым. 3. ∼ smb’s mind/thoughts біреудің пиғылын/ ойын оқу/ ұғу/ аңғару/ сезу ♦Tell me what you want - I can't read your mind! – Саған не керек екенін айт(қын) – ойыңды оқып білмеймін ғой! 4.пәлендей деп ұғу/ тұжыру/ топшылау (syn: interpret) ♦∼ smth How do you read the present situation? – Қазіргі жағдайды қалай ұғасың(ыз)? ♦∼ smth as smth Silence must not always be read as consent. – Үнсіздікті ылғи (да) келіскені деп ұқпау керек. 5. (әріптермен) жазылу; жазылған болу ♦The sign read ‘No admittance’. – Белгіде «Кіруге болмайды» деп жазылыпты. ♦I’ve changed the last paragraph. It now reads as follows… - Соңғы параграфты өзгерттім, енді ол былай оқылады: ... 6. пәлендей сияқты көріну, әсер ету ♦Generally, the article reads very well. – Жалпы мақала жақсы оқылады/ қызық екен. ♦The poem reads like a translation. – Өлең тәржіме/ аударма сияқты екен.7. ∼ smth (өлшейтін құралдарда пәлендей белгіні) көрсету ♦What does the thermometer read? – Термометр қаншаны көрсетіп тұр? 8. ∼ smth өлшейтін құралдағы көрсеткішті (жазып) алу ♦A man came to read the gas meter. – Газометрді/ Газдың счетчигін көрейін деп келдім.9. ∼ smb есту, естіп ұғу ♦‘Do you read me?’ ‘I'm reading you loud and clear.’ – «Мені естисің бе?» «Жақсы, анық естіп тұрмын».10. read A for B | read B as A сөзді түзету, түзетіп ауыстыру ¨For ‘madam’ in line 3 read ‘madman’. – 3-інші жолдағы ‘madam’ сөзін ‘madman’-мен ауыстыр.11. (BrE, rather old-fashioned) (университетте, тб) оқу, білім алу ♦∼ smth I read English at Oxford. – Оксфордта ағылшын тілін оқимын. ♦∼ for smth She's reading for a law degree. – Ол заңгерлікті оқуда. 12. (компьютер ж) дискті, тб оқу ♦∼ smth My computer can't read the CD-ROM you sent. – Компьютерім сен жіберген CD-ROM-ді оқи алмайды.13. (idm) *read between the lines сөз астарын ұғу/ оқу ♦Reading between the lines, I think Clare needs money. – Әңгімені тыңдасақ, Клэйрге ақша керек деп ойлаймын. *read smb like a book біреуді кітапша оқу, (біреудің сезімін, пейілін) тез ұғу/ аңғару *read my lips (informal) мені мұқият/ дұрыстап тыңда ♦Read my lips: no new taxes. – Дұрыстап тыңда(ңыз-дар): жаңа салық болмайды. *read (smb) the Riot Act (BrE) біреуге олай істемеуін нығарлай айту *take it/smth as read (BrE) талқыламастан қабылдау ♦Can we take it as read that you want the job? – Бұны сізді осы жұмысқа тұрғысы келеді деп ұғамыз ба? 14. (phr v) *read smth back (to smb) (бірн-ні тексеру үшін) дауыстап оқу ♦Could you just read that back to me? – Жаңағыны маған оқып бере аласың ба? *read smth into smth тым көп мән беру, тым көп көңіл бөлу ♦Don't read too much into what she says. – Оның айтқандарына тым көп мән бере берме. *read on оқи беру, оқуын жалғастыра беру ♦That’s the story so far. Now read on… - Әзірге әңгіме осы. Ал енді (әрі қарай) оқи бер... *read smth out (to smb) дауыстап оқу ♦Shall I read this out to you? – Мынаны оқып берейін бе? *read smth over/through мұқият оқу, сүзе оқу, сүзіп шығу, тексеру ♦She spent the morning reading over her script. – Ол (өзі) жазғандарын ертемен оқумен болды. ♦I read through the first paragraph again. – Бірінші параграфты тағы бір рет оқып/ қарап шықтым. ♦Just read through what you've written before you send it off. – Жібермес бұрын жазғаныңды тағы бір қарап шық. *read smth up | read up on smb/smth (мәліметпен) танысу, танысып шығу, зерделеу, қарау ♦I'll need to read up on the case before the meeting. – Жиналыстан бұрын бұл іспен танысып алуым керек. B.n (informal) 1. (especially BrE) оқу, оқып отыру/ жату ♦I was having a quiet read when the phone rang. – Телефон шырылдағанда оқудан бас алмай отырғанмын. ♦Can I have a read of your newspaper when you’ve finished? – Біткен кезіңде газетіңді маған оқуға бере тұрасың ба?2. a good, interesting, etc. ∼ жақсы кітап, мақала, тб ♦His thrillers are always a gripping read. – Оның триллерлері ойды құрсап алады. ♦The story made an interesting read. – Бұл әңгіме жақсы жазылыпты.C.adj оқымысты, білімді ♦She's very widely read in law. – Ол заңды өте жақсы біледі.