ready [ˈredi] A.adj (readier, readiest) 1.дайын, әзір, даяр, таяр ♦Just a minute - I'm almost ready. – Бір сәтке/ минутке – даяр болып қалдым. ♦Are you nearly ready? – Дайын болып қалдың ба? ♦‘Shall we go?’ ‘I'm ready when you are!’ – «Жүрелік пе?» «Дайын болсаң, мен де дайынмын!» ♦∼ for smth I'm just getting the kids ready for school. – Әшейін, балаларды мектепке әзірлеп жатырмын. ♦Her husband wants to start a family, but she isn't ready. – Күйеуі балалы-шағалы болғысы келеді, бірақ ол (әйел) әзір емес. ♦∼ for smth I’m not sure if Karen is ready for marriage yet. – Карен тұрмысқа шығуға дайын ба, жоқ па, білмеймін. ♦I was twenty years old and ready for anything. – Жиырма жаста, неге болса да дайын едім. ♦∼ to do smth He is clearly not ready to take on such an important role. – Мұндай маңызды қызметке ол шынымен де дайын емес еді. ♦Come on, dinner's ready! – Кел, тамақ дайын! ♦The new building should be ready by 2020. – Жаңа үй-жай 2020 жылы әзір болады. ♦∼ for smth Can you help me get everything ready for the party? – Жиын-тойға заттарды әзірлеуге маған көмектесе аласың ба? ♦∼ to do smth The contract will be ready to sign in two weeks. – Контракт қол қоюға екі аптада дайын болады. 2.бар, дайын, әзір ♦All the relevant records are easily available ready to hand. – Керекті мәліметтердің бәрі дайын тұр/ бәрі бар. ♦a ready supply of wood – дайын ағаш отын ♦a ready source of income – қолда бар табыс көзі/ дайын табыс көзі 3.бірн-е істегісі келген, әзір тұрған, дайын, даяр ♦∼ for smth I was very angry and ready for a fight. – Ашуланғаным сонша(ма), төбелесуге дайын едім. ♦∼ with smth She's always ready with advice. – Ол қашан да ақылшыл. ♦∼ to do smth He's always ready and willing to help. – Ол қашан да көмектесуге әзір. ♦Don't be so ready to believe the worst about people. – Адамдар жайлы теріс ойға жүйрік болма. 4. ∼ to do smth әзер, әрең, азар, зорға (syn: on the point of) ♦She looked ready to collapse at any minute. – Ол кез-келген сәтте құлап түсетіндей көрінді. ♦She looked ready to burst into tears. – Ол кемсеңдеп/ жылайын деп әзер тұрды. 5. ∼ for smth әзір, даяр, таяр, дайын ♦Right, I'm ready for bed. – Жақсы, жатуға (ұйықтауға) әзірмін. ♦After the long walk, we were all ready for a drink. – Ұзақ жүрістен соң бәріміз де бірнәрсе ішуге әзір едік. 6.зерек, тапқыр ♦She has great charm and a ready wit. – Ол тартымды да зерек. 7. (idm) *make ready (for smth) (formal) даярла(н)у, әзірле(н)у, дайында(л)у ♦to make ready for the President’s visit – президенттің сапарына даярлану *ready, steady, go! (BrE) (also (get) ready, (get) set, go) дайындал, қозғалма, жүгір! (жүгірушілерге берілетін бұйрық) *ready to roll (informal) бастауға әзір ♦The show is just about ready to roll. – Шоу басталуға әзір. B.v (formal) дайында(л)у, әзірле(н)у, даярла(н)у, таярла(н)у ♦∼ smb/yourself/smth (for smth) British companies were readying themselves for big changes. – Британиялық компаниялар өздерін үлкен өзгерістерге дайындап жатқан еді. ♦∼ smb/yourself/smth to do smth She had readied herself to speak first. – Ол өзін бірінші болып сөйлеуге дайындады. C.adv дайын(далған), әзір(ленген), таяр(ланған), даяр(ланған) ♦ready-cooked meals – дайын тағамдар ♦The concrete was ready mixed. – Бетон шыланған еді. ♦ready-pasted wallpaper – жапсыруға дайын тұсқағаз/ обои D.n readies (also the ∼) 1. (BrE, informal) (өзімен бірге бар) дайын ақша 2. (idm) *at the ready дайын, әзір, даяр, таяр ♦We all had our cameras at the ready. – Бәріміз камерамызды дайын ұстадық. ♦Have your questions at the ready. – Сұрақтарыңды таярлап қойың(ыз)дар.