reality [riˈæləti] n (pl -ties) 1.нақты жағдай, шын ахуал, шындық (реальность) ♦She refuses to face reality. – Ол шын жағдайды көргісі келмейді. ♦You're out of touch with reality. – Сен нақты жағдайдан қол үзіпсің. ♦The reality is that there is not enough money to pay for this project. – Шыны сол – бұл жоба үшін ақша жеткіліксіз. 2.шындық, нағыздық ♦Will time travel ever become a reality? – Уақытта сапар шегу әйтеуір бір шындыққа айнала(ды) ма? ♦As children they experienced the harsh realities of life. – Бала кезінде олар өмірдің ащы дәмін татқан. ♦This decision reflects the realities of the political situation. – Бұл шешім нақсы саяси ахуалды(ң қандай екенін) көрсетеді. 3. ∼ television/TV/shows/series/contestants реәлити шоу, тсс (нақты жағдайда нақты (актер емес) адамдарды көрсететін телешоу/ телетамаша) ♦a reality TV star – риәлити тележұлдыз ♦the reality show ‘Survivor’ – «Аман қалушы» (атты) риәлити шоуы 4. (idm) *in reality іс жүзінде, шынында, расында ♦Outwardly she seemed confident but in reality she felt extremely nervous. – Сырт көзге батыл көрінгенімен, расында ол өте қобалжыды. ♦The media portray her as happy and successful, but in reality she has a difficult life. – Медиа оны бақытты, табысты етіп көрсеткенімен, іс жүзінде оның тұрмысы қиын.