really [ˈriːəli] adv 1.шынымен (де), шын, шынында, расында да ♦That's a really good idea. – Бұл шынымен де жақсы ой екен. ♦It's really hard to find a decent job these days. – Осы күндері тәуір жұмыс табу шынымен де қиын. ♦It all went really well. – Бәрі де шынымен де жақсы болды. ♦This is a really nice place. – Бұл тәп-тәуір жер. ♦I'm really sorry. – (контекстке қарай) Қап-ай-ә./ Шынымен де ғафу өтінемін./ Өкінішті-ақ. 2.шынымен де, шын, өте, соншама, сондай ♦I really want to go home now. – Үйге кеткім келіп кетті. ♦I want to help - I really do. – Көмектескім келеді, шынымен де. ♦You really need to forget all about her. – Сен ол жайлы шынымен де ұмытуың керек. ♦Now I really must go. – Мен шынымен де кетуге тиіспін. ♦I really don't mind. – Шынымен де қарсы емеспін. ♦He really likes you. – Ол сені шын жақсы көреді. ♦I really enjoyed the film. – Фильм шынымен де маған ұнады. ♦I really, really hope you're right. – Сенікі дұрыс болар деп шынымен үміттенемін. ♦I really and truly am in love this time. – Бұл жолы шынымен де нағыз ғашық болдым. 3.нақты, шынымен де, шынында ♦What do you really think about it? – Бұл жөнінде нақты/ шынымен де/ шынында не ойлайсың? ♦Tell me what really happened. – Нақты не болғанын маған айтшы. ♦They are not really my aunt and uncle. – Шынында, олар менің ағам мен апам емес. ♦I can't believe I am really going to meet the princess. – Принцессаны көруге шынымен де бара жатырмын дегеніме сенбеймін. 4. (болымсыз сөйлемдерде) нақты, шынымен де, расында ♦I don't really agree with that. – Мен шынымен де бұл жөнінде келіспеймін. ♦It doesn't really matter. – Бұл пәлендей бір мәселе емес. ♦I don't really know what to expect. – Не боларын шынымен де білмеймін. ♦‘Did you enjoy the book?’ ‘Not really’ – «Кітап ұнады ма?» «Онша емес». ♦We’ve done well, really. – Жақсы істедік, шынымен де. 5. (келіспеуді білдіретін сұраулы сөйлемдерде не болымсыз сөйлемдерде) шынымен де, тб ♦Do you really expect me to believe that? – Менің соған (әлгі әңгімеге) сене қоюым керек пе? ♦I don't really need to go, do I? – Менің тіпті де баруым керек жоқ шығар, иә? ♦Is that how you're really going to do it? – Шынымен де осылай істемексің бе? 6. (таңғалысты я ынтаны білд) шын ба, солай ма, тб ♦‘We're going to Japan next month.’ ‘Oh, really?’ – «Келесі айда Жапонияға барамыз». «Шын ба?» ♦‘She's resigned.’ ‘Really? Are you sure?’ – «Ол қызметінен кетті». «Солай ма? Шын айтасың ба?» 7. (біреудің әрекетін құптамағанда айтылады) шынымен де, тб ♦Really, you could have told us before. – Шынымен де, бізге айтып қойсаң болар еді ғой.