reason [ˈriːzn] A.n 1.себеп ♦He said no but he didn't give a reason. – Ол жоқ деді де себебін айтпады. ♦∼ for smth She gave no reasons for her decision. – Ол өзінің неге олай шешкен себебін айтпады. ♦for a ∼ For some reason we all have to come in early tomorrow. – Неге екені белгісіз, бәріміз ертең ертемен келуіміз керек. ♦For this reason, ... – Осы себепті... ♦These rules are there for a very good reason. – Бұл ережелерді текке қабылдаған жоқ. 2.себеп, жөн, қисын ♦They have reason to believe she is lying. – Олардың оған сенбеуінің себебі/ жөні бар. ♦We have every reason to feel optimistic. – Олардың дәмелі/ үмітті болуының жөні/ қисыны бар. ♦You have no reason to accuse him of laziness. – Оны жалқау деп кінәлайтын жөнің жоқ. ♦She has good reason to be concerned. – Оның алаңдауының жөні бар. ♦There is no reason at all to doubt it. – Бұған шүбәлі болудың жөні/ қисыны жоқ.3.сана, ақыл ♦Only human beings are capable of reason. – Тек адам ғана санаға ие. ♦to lose your reason – ақылынан алжасу ♦the conflict between faith and reason – наным мен сананың айқасы 4.жөн, пайым, ақыл, түйсік ♦I can't get her to listen to reason. – Оған ақылды тыңдата алмай(-ақ) қойдым. ♦Why can't they see reason? – Олар неге істің жөнін/ қырын көрмейді/ ұқпайды? ♦Look, you're supposed to be the voice of reason here. – Қара, осындағы жөн айтатын сен емес пе едің? ♦Keith appears to be open to reason. – Кейт жөн сөзді ұғатындай. ♦within ∼ He's looking for a job and he's willing to do anything within reason. – Ол жұмыс іздеп жүр және шамасы келетін кез-келген нәрсені істеуге әзір. 5. (idm) *it stands to reason (informal) өзінен-өзі түсінікті нәрсе ♦It stands to reason that they'll leave if you don't pay them enough. – Оларға дұрыстап төлемесең(із) олардың кететіні өзінен-өзі түсінікті. ♦It stands to reason that she wouldn't want them to find out about her personal problems. – Оның (әйелдің) өзінің жеке проблемалары жайлы олардың білгенін қаламайтыны түсінікті нәрсе. *there’s no rhyme or reason to/for smth | without rhyme or reason түсініксіз; жөнсіз; себептен себепсіз ♦Suddenly, without rhyme or reason, his mood changed. – Кенет, себептен себепсіз оның райы/ көңілі өзгерді. ♦There is no rhyme or reason to her behaviour. – Оның бұндай мінезі - жөнсіз. B.v 1. ∼ (that…) пайымдау, тұжыру, ой қорыту, ойлау ♦She reasoned that she must have left her bag on the train. – Ол сумкасын пойызда қалдырған болармын деп ойлады. ♦They couldn't fire him, he reasoned. He was the only one who knew how the system worked. – Өзін олар жұмыстан шығара алмайды деп ол ойлады. Жүйенің қалай істейтінін білетін жалғыз өзі ғана еді. ♦They reasoned, correctly, that the enemy would not attempt an attack at night. – Жау түнде шабуылдамайды деп олар дұрыс пайымдады. 2. (санамен, ақылмен) ойлау, пайымдау ♦the human ability to reason – адамның ойлай алу қабілеті 3. (phr v) *reason smth out ойлап ұғу/ түсіну, ойша анығына жету (syn: figure out) ♦Reason it out for yourself! – Бұны өз басыңмен ойлап ұқ! *reason with smb біреуге айтып түсіндіру, біреуді түсіндіріп көндіру ♦I tried to reason with him, but he wouldn't listen. – Оған айтып түсіндірейін дегенмін, бірақ ол тыңдамайды.